» » Өмірге бала әкелемін деп, өзі мәйітханадан бірақ шықты

Өмірге бала әкелемін деп, өзі мәйітханадан бірақ шықты

Алматыда №3 перинаталды орталықта жас ана 44 күн өмір мен өлімнің арасында жатып, ақыры есін жимастан көз жұмды.

Марқұмның туыстары 20 жастағы келіншектің өліміне дәрігерлер кінәлі дейді. Олар ауруханада әйелге қандай дәрі еккенін прокуратураға арыз жазса да, біле алмай отыр.

Марқұм Салтанат Жайнарбекованың анасының айтуынша, дәрігерлер қызына толғақты тоқтататын дәрі салған. Соған қарамастан марқұм келесі күні баласын дүниеге әкелген. Артынша, дәрігерлер 4 сағат бұрын босанған әйелге тағы бір дәрі салған. Сол екпеден кейін науқастың жағдайы нашарлап, жансақтау бөліміне көшірілген.  
Сондай-ақ, марқұмның жеңгесі де қыздың өліміне дәрігерлер кінәлі дейді.

– Біресе тромбоэмфалия, біресе ковид деді. Біресе ауырып келген, өкпесі бітті деп айтты, – деді жеңгесі.
Салтанат 21 күн №3 перинаталды орталықта жатқан. Кейін есін жидыра алмаған орталық бойжеткенді №7 ауруханаға жеткізген. Онда Өкпе артериясының тромбоэмболиясы деген диагноз қойылған. ПТР сынағы теріс шыққан. Бірақ ағзасында антидене болған дейді Алматыдағы №3 қалалық перинаталдық орталығы бас дәрігердің орынбасары Салтанат Ерболатова.

№7 аурухана дәрігерлері науқастан коронавирустың ешқандай белгісі болмаған деп мәлімдеді. Келіншек ауыр халде жеткізілген.

– Бізге өте ауыр жағдайда келіп түсті. Есінен танған күйінде келді, кома-3 жағдайында болды. Жасанды аппараттқа қосылған. Қаншама күн өмірі үшін күрестік. Өкпесін тексердік, ПТР алдық, онда коронавирустың белгілері болмады, – деді №7 аурухана жансақтау бөлімінің аға дәрігері Есенай Еспембетов.

Марқұмның жақындары оның 15-күні жағдайы жақсарған дейді. Дәрігерлер науқасты екі аурухана арасында тасып жүріп, енді жауапкершілікті бір-біріне сілтеп отыр дейді.

Марқұмның туыстары әділдікті орнату үшін сотқа жүгінбекші.

https://kaz.orda.kz/


21 мамыр 2021 ж. 894 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930