» » Қызылордада жоғалған бала Жалағаштан табылды

Қызылордада жоғалған бала Жалағаштан табылды

Қызылорда қаласында түн ішінде жоғалып кеткен 12 жасар бала ауылдағы ата-әжесінің үйінен аман-есен табылды.
Бектураз Сазаков 26 мамырда үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Баланың жоғалғаны жөнінде 27 мамыр түнгі 02.00 шамасында полицияға арыз түскен.

«Іздестіру жұмыстарына облыстық полиция департаментінің, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы, еріктілер және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Бұл жөнінде әлеуметтік желілер және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындар ақпараттандырылды. Полиция қызметкерлері қаланың көп қабатты шатырлары, өжірелері және ауладағы люктары,саяжайлардағы тастанды үйлер, құрылысы бітпеген ғимараттар, жертөлелерді қарап шықты. Сондай-ақ, қаланың барлық аумағында жоғалған баланың фотосуреті көрсетіліп, сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде жоғалған кәмелетке толмаған бала Жалағаш ауданынан табылды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция басқармасынан.

Ведомство мәліметінше, ол ауылда тұратын ата-әжесінің үйіне кетіп қалған.
Қазіргі таңда ювеналды полиция қызметкерлері жасөспірімнің үйден кетіп қалу себебін анықтап жатыр.
28 мамыр 2021 ж. 5 949 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 718

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031