» » Қызылордада бес жасар бала іздестірілуде

Қызылордада бес жасар бала іздестірілуде

Қызылордада 5 жасар бала жоғалып кетті. Бахыт Алтайыр Мақсатұлы 27 сәуір күні ойнап кетіп, үйге қайтып оралмаған.

Іздестіру жұмыстарына Қызылорда облысы Полиция департаментінің, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы, Төтенше жағдайлар департаменті, еріктілер және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Іздеу шаралары аясында әлеуметтік желілер және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындар ақпараттандырылды.

Полиция қызметкерлерінің күшімен қаланың көпқабатты үй шатырлары, өжірелері және ауладағы люктары, саяжайлардағы тастанды үйлер, құрылысы бітпеген ғимараттар, жертөлелер, қалың жоталар, бейіттер, Сырдария өзенінің жағалауы тексерілуде. Сонымен қатар, баланың фотосуреті көрсетіліп, сұрастыру жұмыстары жүргізілуде.

Кәмелет жасына толмаған бала туралы қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабар берулеріңізді сұраймыз.
Тел: 8(7242)-29-75-20 немесе 102.
28 сәуір 2021 ж. 858 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 718

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031