Қазақстан мереке күндері жауын-шашынды болады «Қазгидромет» РМК 20-22 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақстан аумағының басым бөлігінде мереке күндері жауын, қар аралас жаңбыр жауады. Мұндай ауа райы Каспийдің оңтүстігі және Ресейдің еуропалық бөлігінің орталық аудандарынан жылжыған циклон және ауа ағындарына байланысты. Бірақ ауа температурасы, жауын-шашынға қарамастан, климаттық нормадан жоғары болады», - делінген хабарламада.Синоптиктердің хабарлауынша, оңтүстік облыстарда күндіз ауа температурасы 15-20 градус жылы, кей жерлерде тіпті 25 градусқа дейін ыстық. Ал республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы 3-13 градус нөлден жоғары болады. Қоғам 19 наурыз 2018 ж. 996 0