ЖАЛАҒАШТАН АҚПАРАТ
Үстіміздегі жылдың наурыз айының 19 күні "Облыстық жастар ресурстық орталығы" КММ-нің және «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен кәмелеттік жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілінің қарауынсыз көшеде жүруіне тосқауыл қою, құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында аудан орталығындағы адам көп шоғырланатын орындарда, түнгі клубтар мен ойын-сауық орталықтарында рейд жұмыстары жүргізілді.