» » Жалағаштан жаңалық!

Жалағаштан жаңалық!

"Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен Жалағаш индустралды-аграрлық колледж студенттерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында дін мəселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Арыстанбек Байқабылов қазіргі таңда əлеуметтік желінің құрбандары туралы жəне қоғамға қарсы діни бағдар беретін сайттардан сақтану жайында ескертті. Және де аудандық ішкі істер бөлімінің ЖПҚ-ның кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға инспекторы Ұ.Ахметова 15-24 ақпан аралығындағы ауданда өткізіліп жатқан «Түнгі Жалағаш» құқық бұзушылықтың алдын алу шараларымен таныстырып, колледж студенттерін жаман әдеттен аулақ болуға шақырды. Өз кезегінде «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бөлім басшысы А.Қожамұратов жастарды қоғамдық шараларға белсене қатысуға шақырып, өздерін ортада қалай ұстау, сөйлеу мəдениеті мен белсенді болу тақырыбында сөз сөйледі.Сондай-ақ колледждің өнер, спорт, шығармашылықпен айналысатын, белсенді студенттерді қолдауға əрқашан есік ашық екенін айтып, кездесу соңында аудандық жастар ресурстық орталығына шақырды.Кездесудің қорытынды сөзін Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.Әбдібеков алып, колледж студенттеріне жат ағымдардан аулақ болып, колледждің абыройын асқақтатуға шақырды.

#ЖалағашАуданы
#ЖастарРесурстықОрталығы
#ДінМәселесінЗерттеуОрталығы
#ЖалағашИндустриалдыАграрлыКоледж
16 ақпан 2018 ж. 1 441 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930