» » "Оқуды қойып, жұмыс істеп, пәтер жалдауға мәжбүрміз": Қазақстандық студенттер жатақханамен қамту мәселесіне шағымданды

"Оқуды қойып, жұмыс істеп, пәтер жалдауға мәжбүрміз": Қазақстандық студенттер жатақханамен қамту мәселесіне шағымданды

жатақханаҚазақстандық студенттер жатақханадан орын таппай жүр. Сөздерінше, олар жалдап жүрген пәтердің ақысын төлеу үшін оқуды қойып, жұмыс істеуге мәжбүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 


Үшінші курс студенті Тұрарбек Ерманов бір бөлмеде өзін қосқанда төрт адам болып тұратынын айтады. Айтуынша, ғимарат жаңа болғанымен ондағы жағдай мәз емес. 

"Мұндағы шкаф үлкен көрінгенімен төрт адамға жетпейді.  Бір үстел басына да төртеуміз сыймаймыз", - дейді ол. 

Тағы бір студент Армангүл Базарбаева бұған дейін ескі жатақханада сегіз қыз  тұрғанын жеткізді. Бір қабатта тұратын студенттер бір душты пайдаланады деген ол басқа қаладан оқуға келген түлек бірқатар қиындықтармен бетпе-бет келетінін айтады. 

"Егер адам сияқты үй жалдап, өмір сүргің келсе, оқуды қойып жұмыс істеуге тура келеді. Ал егер оқу оқимын десең, осындай ескі жатақханада күн кешесің", - дейді төртінші кірс студенті. 

Айта кетсек, Қазақстанда 63 мың студентке жатақханада орын жетпейді. Орын жетіспеушілігі жағынан Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары көш бастап тұр. Десек те соңғы екі жылдан бері жағдай жақсы жаққа қарай өзгеруде. Мемлекеттік әрі жартылай жекеменшік бағдарлама аясында қазіргі күні жатақханалардың құрылысы қолға алынған. 

"Инвестор жатақхана тұрғызып, алайда онда студент тұрмайтын болса, мемлекеттік тапсырыс ақысы төленбейді. Өйткені бұл төлем жатақханада тұратын студенттердің санына байланысты анықталады. Осылайша, біз инвесторларды сапалы ғимарат салуға ынталандырамыз", - дейді білім және ғылым министрілігіне қарасты "Қаржы орталығы" АҚ президенті Асқар Ибраимов. 

Екі жарым жыл ішінде 20 мың жатақхана орны пайдалануға берілген. Ал студенттер саны жыл сайын артып келеді. 2025 жылға қарай шенеуніктер барлық студенттерді жатақханаға орналастыруға уәде етеді. 
09 шілде 2021 ж. 563 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 719

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031