» » Қазақстандық студенттер Оңтүстік Кореяның заңнамасын бұзғаны үшін елден қуылды

Қазақстандық студенттер Оңтүстік Кореяның заңнамасын бұзғаны үшін елден қуылды

ÒазаÒÑÑандÑÒ ÑÑÑденÑÑÐµÑ ÐÒ£ÑÒ¯ÑÑÑк ÐоÑеÑнÑÒ£ заңнамаÑÑн бұзÒÐ°Ð½Ñ Ò¯ÑÑн елден ÒÑÑлдÑ

Бір топ қазақстандық студенттер Қазақстанның Кореядағы елшілігіне көмек сұрап, жүгінді. Студенттердің айтуынша, олар Оңтүстік Кореяға курс оқу үшін келген, бірақ оларды елден заңды бұзды деп депортациялаған. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі BNews.kz-ке сілтеп.

Министрліктің хабарлауынша, зардап шеккен студенттер Қазақстанның Кореядағы елшілігіне барып, көмек сұраған.
Қазақстан мен Корея Республикасының үкіметі арасындағы 2014 жылғы 29 қарашадан бастап күшіне енген визалық талаптарды өзара жою туралы келісімге сәйкес ұлттық төлқұжаты бар екі елдің азаматтары, визасыз тек 30 күнге дейін ғана сол елде оқу оқып немесе жұмыс істеп, жүре алады.
«Бұл жағдайда қазақстандық студенттер Оңтүстік Кореяның көші-қон заңнамасын бұзды және олар сол себептен елден шығарылды. Студенттер немесе сапарды ұйымдастырған компания Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы елшілігіне хабарласып, өзерінің ол елде не себептен жүргендерін түсіндірулері қажет. Бұл мәселенің шешімі ары қарай Кореяның құзырында болады. Осындай жағдайларға байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына өздері баратын елдің заңдарын мұқият зерделеу қажет екенін еске салады», – деп атап өтті Смадияров.


Stan.kz 




29 тамыз 2018 ж. 1 023 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930