» » Қазақстан үш күнге дейін Қытай мен Үндістан азаматтары үшін визасыз режим енгізеді

Қазақстан үш күнге дейін Қытай мен Үндістан азаматтары үшін визасыз режим енгізеді


Қытай мен Үндістан азаматтары Қазақстанда 72 сағат бойы визасыз жүре алады. Бұл туралы Қазақстанның «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі сайтында хабарлады, деп жазады Stan.kz.

«Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың ҚР-нан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ ҚР-ның Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, ҚР-ның аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ ҚР-ның аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына (ҚР-ныі ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29, 388-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың ҚР-нан кетуінің қағидаларында: 26-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Астана және Алматы қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен өтетін Қытай Халық Республикасының (бұдан әрі – ҚХР) және Үндістан Республикасының (бұдан әрі – ҮР) азаматтары үшін 2018 жылғы 31 желтоқсандағы сағат 23.59 дейін Қазақстан Республикасына кірудің, онда болудың, одан кетудің жетпіс екі сағаттық визасыз режимі қолданылады»,-делінген қаулыда.
Құжатқа сәйкес, осы тармақта көзделген 72 сағаттық визасыз режим қазақстандық авиакомпаниялардың авиабилеттері бар ҚХР және Үндістан азаматтары үшін жарамды.
Осы тармақта көзделген жетпіс екі сағаттық визасыз режим қазақстандық авиакомпаниялармен Астана және Алматы қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы үшінші елдерге транзитпен өтетін ҚХР және ҮР азаматтарына оларда қазақстандық авиакомпаниялардың жарамды авиабилеттері болған жағдайда қолданылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жетпіс екі сағаттық визасыз режимді пайдаланатын ҚХР және ҮР азаматтарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде тіркейді, оларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту уақыты көрсетілген көші-қон карточкасы беріледі.
Қазақстандық авиакомпаниялар транзитпен өтетін және 72 сағаттық визасыз режимді пайдаланатын ҚХР және ҮР азаматтарының тізімін рейс Астана және Алматы қалаларының халықаралық әуежайларына келгенге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне береді.
Егер Қытай мен Үндістан азаматтары осы тармақта қарастырылған 72 сағаттық визасыз режимді бұзса, шетелдіктер көшіп кету шығындарына өздері жауапты болады. Осы тұлғалардың қаражаты болмаған немесе жетіспеген жағдайда, оларды жеткізген қазақстандық авиакомпаниялар бұл адамдарды еліне өз қатажатынан жібереді.
Айта кетейік, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



http://stan.kz
13 сәуір 2018 ж. 979 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930