Солтүстік және Оңтүстік Корея даяршыларға бола келіспей қалды
Пхеньян мен Сеул арасында Солтүстік Кореяның 12 даяршысының Оңтүстік Кореяда жүруіне байланысты қайшылықтар орын алды.
Бұл туралы South China Morning Post хабаралады, деп жазады Stan.kzақпараттық агенттігі.Басылымның хабарлауынша, бұл жағдай Корей түбегіндегі бейбітшілік процесіне теріс әсер етуі мүмкін. Солтүстік Корея баспасөзі сондай-ақ, қыздардың елден заңсыз кетуі 1950-1953 жылдардағы Корей соғысынан кейін бөлінген отбасының бірігуіне кедергі болуы мүмкін екенін жазды.
Бұған дейін қыздардың КХДР билігінің Қытайдағы мейрамханада даяршы ретінде жұмыс істегендері белгілі болды. Олар 2016 жылдың сәуірінде Малайзияның елшілігі арқылы Оңтүстік Кореяға жіберілген.
Сеулдың нұсқасына сүйенсек, қыздар саяси баспана сұраған. Дегенмен, пхеньяндықтар қыздарды күштен алып кеткеніне сенімді және олар жұмысшыларды өз Отанына қайтаруды талап етуде. Осыған байланысы, Оңтүстік Кореяның Адам құқықтары жөніндегі комиссия қыздардың Корея Республикасына қалай келгендерін тексеріп жатыр.
Комиссияның өкілінің сөзінше, кейбір қыздар Оңтүстік Кореяның елшілігіне келгенге дейін өздерін қайда апара жатқандарын білмеген.
Stan.kz