» » Солтүстік Кореяда ағылшын тілінде жазуы бар киімдерді киюге тыйым салынды

Солтүстік Кореяда ағылшын тілінде жазуы бар киімдерді киюге тыйым салынды


Солтүстік кореялық әйелдерге киім кию жағынан арнайы шектеулер қойылды. Бұл туралы UPI хабарлайды

Янгандо провинциясында тұратын тұрғынның айтуы бойынша, Солтүстік Кореялық билік  Ким Чен Ын мен АҚШ президенті Дональд Трампқа қатысты өткен саммиттің қарсаңында әйелдердің сырты бейнесінде және тәрбиесінде әлеуметтік идеологияны күшейту қажет деген шешім шығарған.
-Мұнда жатқан негізгі ой — “әлеуметтік белдікті” тартып, импереализм идеологиясына  қарсы тұру- дейді тұрғын.
Мемлекет тұрғындарына киюге болмайтын антисоциалистік заттардың қатарына қысқа  белдемшелер, торлы немесе гүлді шұлықтар, сондай-ақ ағылшын тілінде жазуы бар киімдер кірді. Егер Солтүстік Кореяның түрғындары осындай киім киетін болса, полиция қызметкерлерінің оны тәркілеп, тиым салынған киімді киген адамға айыппұл салуға құқығы бар.
Сонымен қатар, Ким Чен Ын кей-поптың халыққа тигізетін жағымсыз ықпалымен күреспекші. Сондықтан, Солтүстік Кореяда кей-поп стиліндегі билер “эротикалық” әрі ерсі деп танылып, Оңтүстік Кореяда түсірілген фильмдер мен телевизиялық шоуларды көруге тиым салынды.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың басында Сеул мен Пхеньянның ара-қатынасы жақсарған болатын. Ақпан айынан бастап ҚХДР  Оңтүстік Кореяда өткен Олимпиадаға қатысты. Наурыз айында Юга делегациясы Пхеньянға барып қайтты. Екі жақ Кореялық түбекті жақсарту, ондағы бейбітшілікті сақтап қалу тақырыбын қозғады.



Stan.kz
02 шілде 2018 ж. 925 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930