Қызылордада адам өміріне қауіп төндірген көлік жүргізушісі тоқтатылды

Тәртіп сақшыларымен құжаттарын тексеру барысында жүргізушінің алкоголь ішіп, көлік басқарғаны анықталды. Медициналық сараптама қортындысы бойынша жүргізушінің мас күйде болғаны нақтыланды.
Жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608 бабының 1 тармағымен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік іс қозғалып, сотқа жолданды.
Жол-көлік оқиғасының алдын алу және болдырмау шараларын күшейту мақсатында полиция қызметкерлері қала тұрғындарын жолдардағы ерекше жауапкершілік туралы ескертеді.