Қызылордада есірткі алқабы анықталды
ҚР ҰҚК ШҚ Қызылорда облысы бойынша департаментінің жауапты учаскесінде шекарашылар есірткі егіс алқабын анықтады.
«Қарасора-2021» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында, «Шиелі» шекара бөлімінің әскери қызметшілері, ҚР ІІМ есірткі қылмысқа қарсы іс – қимылдар басқармасы мен «Бүркіт» арнайы мақсаттағы қызметкерлерімен бірлесе отырып, Жаңақорған ауданы аумағында Мемлекеттік шекара сызығынан 100 шақырым қашықтықта орналасқан «№4» артезиандық құдығының маңайында Қазақстан Республикасының 3 азаматын ұстады. Оларды ұстауға аталған азаматтардың заңсыз есірткі алқабын ұйымдастыру себеп болды.

«Аумақты тінту нәтижесінде, бойлары 1-1,5 метрді құрайтын 2000ға жуық шұңқыршаларға егілген жасыл түсті ерекше иісі бар «Сора» (коннабис өсімдіктері) өсімдігінің түптері, заң бұзушыларға қатысты ешқандай құжаттары жоқ 16 калибрлі қос ұңғылы мен жартылай автоматты «Сайга» аңшылық мылтықтары, уақытша тұруға арналған жер асты күркесі, заң бұзушылардың жеке заттары, азық-түлік және су сорғы дизельдік агрегаттары анықталды. Оқиға орнына келген Жаңақорған аудандық полиция қызметкерлерімен өсімдіктерді өртеу арқылы толықтай жойып, қажетті мөлшердегі түптері сараптамаға жіберілді. Дерек бойынша ҚР ІІМ Жаңақорған аудандық полиция бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде», – делінген департамент таратқан хабарламада.