» » Береке басы – соғым

Береке басы – соғым

Қыстан қысылып шыққан қазекең көктем шыға бойдағы дәруменнің азайған тұсында оны соғым сойып, етпен толтыруда алдына жан салмайтын халық. Бір қыста кемі үш жілік еттің жетпей қалатын кезі де бар. Еттің күнбе-күн қымбаттап бара жатқаны тағы бар.

Үлкен кісілер келілеп алған еттен соғым шықпайтынын айтып жүр. Қыста емін-еркін ет жеп, сорпа ішіп жіпсу үшін жылқы, сиыр байлап соймайынша, астың берекесі кірмейді. Себебі денсаулықтың мықтылығы құнарлы тамақтануда. Күздің соңғы айында соғымға арнайы мал дайындау қазақ үшін дәстүрге айналып кеткен. Әсіресе жылқы еті сіңімді, дертке дауа. Оның үстіне далада жер басып жайылған малдың еті дәмді болады.

Соғым сою – қазақтың ежелден келе жатқан дәстүрінің бірі. Оған жылқы, түйе, сиыр сойылады. Мүмкіндігінше ірі қара малды бордақылап, арнайы сойған жақсы. Береке басы – бірлікте деп бекер айтылмаған. Бұл дәстүр кезінде ауыл ағайындарының басы тез қосыла кетеді. Бір-біріне қол көмек беру үшін. Көз алдыңызға елестетіп көріңіз, бірі пышағын қайраса, келесісі малды жығуға дайындап жатыр.

– Соғым сою да той-думан секілді. Әулеттің ер кісілері мал союмен және оны жіліктеумен айналысады. Ал әйелдер қауымының міндеті – ішек-қарын тазалау мен қазы айналдыру. Бұл дәстүр кезінде жиналған ағайындардың әзіл-қалжыңы, мәз-мейрам болған балалардың күлкісі адамға ерекше сезім сыйлайды. Сондықтан әр дәстүрдің өз құндылығы бар, – деді Нұрәлі қария.

Бүгінде осы қазақы салт сақталмайтыны өкінішті. Жөн-жосықты білетіндер «береке қашады», «жалғыз қалады» деген ырыммен соғым басын қонақ шақырмай, өздері ет жемейтін. Дегенмен, қазіргі таңда соғым сойып, кеңшілік жасайын десе, нарық қалтаны қысып тұр. Еттің құны шарықтап барады.

Соғым сойып, қазы-қарта, жал-жая жеуге кез келгеннің шамасы жетпейді. Нарықта ет бағасы күн өткен сайын қымбаттай түсуде. «Етті жесең тісіңе кіреді, жемесең түсіңе кіреді» еттің бағасы төмендемесе, түсімізге кіретін шығар...
Ж.Жазкен
17 тамыз 2021 ж. 130 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930