» » » ЕТ МҮШЕЛЕУ БІЛЕСІЗ БЕ?

ЕТ МҮШЕЛЕУ БІЛЕСІЗ БЕ?

Дана халқымыз әр заттың есебін білген. Баршамызға белгілі болғандай қазақтың негізгі асы – мал еті. Оның қалай сойып, қалай жарататынына дейін білген қазақ қонағының кім екендігіне қарай небір табақ түрлерін ұсынған. Әрбір салтымызға құрметпен қарайтын қазақ жұртшылығына арналған пайдалы кеңес. Біліп жүріңіз!
Ет мүшелеу дегеніміз - сойылған малдың етін жілік-жілігімен бөлшектеу. Малдың төрт аяғындағы 12 жіліктегі жамбас, ортан жілік, тоқпан жілік, кәрі жілік, жауырын сүйектеріне орай ет мүшелегенде осы жіліктерді буын-буыны бойынша ажыратып жіліктейді.
Қазақ халқы ірі қара мал сойғанда оны жіліктеп, ал ұсақ малды сойғанда мүшелеп, оларды тұздап, белгілі бір уақыттан кейін оны сорғытып жайып қояды. Етті мерзімінде жинау да аса маңызды. Себебі тыста көп тұрған ет қатты болып, кеуіп кетеді, ал жайылмай қалса көгеріп сасып кетеді. Сондықтанда ет күтімі әрбір қазақ дастарханы үшін қасиетті әрі ең маңызды ас.

Бас – Ірі қарада екі шеке.
Мойын – Алты буын. Бұл қонаққа, сыйлы адамдарға арнаған табаққа салынбайды
Бұғана – Екі жақта үш талдан 6 тал. Мүше онына саналады.
Жақ – Қой ешкіде тілмен тұтас жүреді, ірі малдың жағы екіге айрылып, тілі бөлек мүше саналады.
Мойын ет – Ірі қарада бөлек сылып алынатын ет, көбінесе қуырдақ қуырылады.
Қара қабырға – Алты тал. Мүшелермен бірге әр уақытта табаққа салына береді.
Жақ ет, ұрт ет – Ірі қараларда бөлек алынады, көбінесе қуырдаққа пайдаланылады.
Сүбе – Етегімен алынған 6 қабырға. Таңдаулы мүшелердің бірі.
Қазы – Семіз жылқыдан 20-ға жуық қазы айналдырылады, кейбіреуі қабырғасыз, басқа малдың ішегіне айналдырылады.
Төс – Қыз-күйеулер үшін таңдаулы мүше.
Төс ет – Жылқы, сиырда осылайша аталады. Көбіне қуырдақ жасалады, сүрленеді
Төстік – Ірі қараларда бөлек алынады, көбінесе қуырдаққа пайдаланылады.
Ауызомыртқа – Соғым сойған күні табаққа салынады немесе мал сойған кісіге шикілей береді. Оны оңтүстікте қолүздік деп атайды.
Кәрі жілік – Қолда болады, жілік мүшелеріне кіреді. Қыз балаға бермейді.
Ортан жілік – Жұмыр жілік деп те аталады. Қолда болады, мүшелі жілік.
Асық жілік – Санда болады, соңғы таңдаулы мүше.
Тоқпақ жілік – Санда болады, ең етті жілік.
Жамбас – Ірі малдың әр жамбасын міндетті түрде екіге бөліп асады. Қойдың, ешкінің жілігі тұтас асылады, ең таңдаулы мүше.
Жая – Жылқының сауыр еті, оны сүрлейді, қақтап кептіруге болады.
Белдеме – Қой, ешкіде бел омыртқа, ірі қарада жалпақ омыртқа деп те атайды, таңдаулы мүше.
Мойын омыртқа – Отбасының өзі жейді, қонаққа салмайды.
Ұзын омыртқа – Арқа омыртқа деп те аталады, сүрленеді, қонаққа салынады.
Жүрек – Көбінесе қыз баланың сыбағасы, ал кейде қуырдаққа кетеді.
Үлпершек – Жүрек қабына толтырылған, шұжық тәрізді май, кесек ет.
Бауыр – Майлы өкпеге қосып жеуге жақсы. Оны қатырмай пісіреді, қуырады.
Көк бауыр – Кейде “талақ” деп те аталады, асып та қуырып та жеуге болады. Қан көбейтеді.
Бауыр ет – Ірі малда бөлек сылынып алынады. Асып, қақтап жеуге қуыруға, жөргемге қосуға пайдаланылады.
Бүйрек – Балалар сыбағасы саналады. Бастыста піскен соң оны бөтеке деп те атайды.
Ұлтабар – Ұсақ малдың таңдаулы, ең майлы мүшесі.
Қата – Жылқы малының таңдаулы мүшесінің бірі.
Қима – Сиырдың маймен айналдырып, шумақтаған тоқ ішегі.
Тоқ ішек – Тоқ ішектің соңғы ұшы майлы болады, бірақ қонақтың табығына салынбайды.
Қарын – Қойдың етімен бірге табаққа түседі, қуырылады да, жылқы қарыны қарта орнына жүреді.
Ащы ішек – Өкпебауырға қосып қуырылады.
Желін – Шап маймен бірге алынып сүрленеді.
Өкпе – Қуырдаққа жарамды, оны пісірерде көп қайнатады, қонақтың табағына салынбайды.
Аяқ табақ – Еттің басқа мүшелерінен жасалып, ауыл адамдарына, көрші – қолаңға қойылады.
Күйеу табақ – Күйеу табаққа бір сан жілік пен төс салынады. Табақ бос қайтарылмайды, күйеу бала қыз жеңгелеріне сый-сыйапатын жасайды.
Келін табақ – Келін табаққа ұлтабар және жүрек салынады, оны кейде беташар табақ деп те атайды.
Қыздың табағы – Қыздар табағына жүрек, бүйрек, жағы мен тіл салынады.
07 қараша 2018 ж. 3 697 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930