Дәстүрге ҚАНЫҚҚАН ЖАСТАР ҚОЙ СОЙЫП, ҚАЗАН АСТЫ
Өткен аптада ықылым заманнан бері арқауы үзілмеген салт-дәстүріміз жастар жадында қайта жаңғырды. Жергілікті колледж студенттері қой сойып, ет жіліктеуді үйренсе, қыздар тапа нан жауып, күбі шайқады.
Елбасы жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалының ұйымдастыруымен Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжінің жатақханасында «Тарлан тарих тағылымы» партиялық өлкетану жобасы бойынша «Аға ұрпақтың кеңестері – біздің болашақ рухани байлығымыз!» атты ауқымды шара өтті. Онда колледж студенттері «Ой тастау» алаңында бас қосып, аға ұрпақтың ақыл-кеңесін тыңдады. Сондай-ақ, ұлттық тағамдардың жасалу жолдарын үйретіп, қаймағы бұзылмаған салт-дәстүрімізді қайта жаңғыртты.
Таңсәріден басталған шара күн еңкейгенше жалғасты. Алдымен, Ақсу ауылының ардагері Оңғар Аппаз жастарға мал сойып, ет жіліктеуді көрсетті. Сойылған малдың етін жілік-жілігімен бөлшектеу де – өнер. Қазақ халқының дәстүрінде әр жіліктің табаққа тартылу тәртібі бар. Қойда жамбас, ортан жілік, асықты жілік, тоқпан жілік, кәрі жілік және жауырын аталатын жіліктер бар. Мұны епті студенттер әп-сәтте үйреніп алды. Ал қыздар жағы ішек-қарын тазалап, ет тамақтың қамырын иледі.
– Сойған қойдың етін осы жіліктердің буын-буыны бойынша ажыратып бөледі. Бұл әдіс жіліктеу деп аталады. Осы жіліктердің ішіндегі жамбас қадаға немесе сыйлы қонаққа тартылады. Сол үшін жамбас арнайы сақталады. Ал қабырғалар мен омыртқалар жілік асылғанда үстемеленеді. Бұғана, мойын, құйымшақ, т.б. қазанға етпен қосып салынғанмен, көбіне бала-шағаға тиесілі. Ірі қара да осы әдіспен сойылады, – дейді қасапшы.
Еңбек ауылынан келген «Батыр аналар» ансамбілінің мүшелері студент қыздарға тапа нан жабу, құрт жаю, ірімшік қайнату, күбі шайқауды, сондай-ақ, май алуды, келі түюді, диірмен тартуды үйретіп, дала төсінде дайындалған ұлттық тағамдар мен табиғи сусындардың ерекшелігін түсіндірді.
Қазір ұлттық құндылықтарды сақтау, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұраларды жаңғырту, келешек ұрпаққа аманат ету бағытында көптеген іс-шаралар қолға алынды. Осы ұлттық игіліктер мен адами құндылықтар, рухани-мəдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып жас ұрпақты тәрбиелеу керектігі бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі болып отыр. Осы шараның мақсаты да сол. Мәдениетіміздің мәйегі ұлттық салт-дәстүр, әдеп-ғұрып турасында ой бөлісу және осы ұлттық құндылықтарымызды жастардың санасына сіңіру, әрі насихаттау. Осы орайда Еңбек ауылындағы ақжаулықты аналар қаймағы бұзылмаған қазақ халқының салт-дәстүрлерін жаңғыртуға өз үлестерін қосып келеді.
– Сүттен жасалатын тағамдардың ішінде жасалуы оңай, тамақтық қуаты мол, берекелі, ұзаққа сақталатын тамақтың бірі – ірімшік. Жастарға осыны қайнатып, дайындаудың қыр-сырын үйреттім. Сондай-ақ, құрт жаюды да көрсетіп отырмын. Бабадан қалған осы тағамдарды жастар үйренсе, олар ертең өзінен кішілерге көрсетсе, қазақ дастарқанынан ұлттық тағамдар жойылмасы анық. Мен үйдегі 7 келінімді осыған баулыдым. Соның нәтижесінде, ұлттық тағамдар дайындаудан түрлі сайыстарға қатысып, бас жүлдені иеленіп жүр. Ең бастысы, дастарқаннан құрт, ірімшік үзілмейді, – дейді 73 жастағы батыр ана Қ.Итенова.
Ал Қ.Сермаханова әжеміз қауын ішек дайындауды үйретсе, батыр ана Д.Тоқабаева көненің көзіндей сақталған тас диірменге бидай түйіп, талқан жасауды көрсетті. Осылайша, студент жастар ұлттық тағамдардың дайындалу әдісін меңгеріп, табиғи таза өнімдерден дәм татты.
Қой сойылып, ет жіліктеліп болған соң, кент орталығындағы мейрамхана аспазшылары сірне, ет тағам, қарын бүрме, өрме төс, бұжы, сүзбе көже, шыж-мыж секілді ұлттық тағамдарды дайындаудың қыр-сырымен бөлісті. Кент орталығындағы «Айгерім» мейрамханасының бас аспазы Клара Маханбетәлиева қазақтың ұмытылып бара жатқан тағамдарының бірі "Өрме төс" дайындапты. Оның сөзінше, «Өрме төсті» дайындау үшін төс етін пышақпен бірнеше жерден тіліп, оны түрлі дәмдеуіштермен толтырады. Сосын оны қойдың бүйеніне салып, аш ішекпен орайды. Мұны қазақта күйеу баланың сыбағасы деп те атайды екен.
Жатақхана ауласында ұлттық тағамдар дайындалып, қазан асылып жатқанда ұлттық нақышта безендіріліп киіз үй ішінде «Ой тастау» алаңы да басталып кетті. Оған аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов, «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева мен көнекөз қариялар қатысып, ұлттық-құндылықтар мен тәлім-тәрбие бағытында әңгіме өрбітті.
– Партияның өлкетану жобасының мақсаты – Қазақстан халқының рухани-мәдени құндылықтарын бойына сіңіріп, қазақ халқының төл тарихын зерделеу арқылы отансүйгіштікті нығайту, халқымыздың қастерлі мұраларына сүйене отырып ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлттың ұрпағын қалыптастыруға үлес қосу. Осы тұрғыда көптеген жұмыстар жасалып жатыр. Өскелең ұрпақтың еңбекті сүйіп отанының шын патриоты болуына үндеп жүрген алдыңғы буын ағаларымыз бар. Олардың жүріп өткен еңбек жолы бүгінгі ұрпаққа үлгі, – деді басқосуды ашқан Қ.Мұстафаева. Рухани құндылықтармен сусындаған студенттер өз пікірлерімен бөлісіп, толғандырған сауалдарына жауап алды.
Мұнан соң, қыздар еттің қамырын салып, ер балалар сән-салтанатына сай табақ жасады. Ұмыт қалған ұлттық асты қайта жаңғыртқан мейрамхана аспазшылары да алғыс төрінен көрінді. Шара соңында студенттер алтыбақан теуіп, ән-жырдан шашу шашты.
Айта кетейік, бұл ауқымды шараға «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының, аудан әкімдігінің өкілдері, өңірдегі мәдениет саласының басшылары мен қызметкерлері, сонымен бірге, кент, ауыл ардагерлері де қатысты. Шара барысында олар жастардың қолынан дайындалған ұлттық тағамдардан дәм татып, концерттік бағдарламаны тамашалады.

Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ,
Маханбет АХМЕТОВ (сурет).