» » » ӨНЕРГЕ ӘРКІМНІҢ ДЕ БАР ТАЛАСЫ...

ӨНЕРГЕ ӘРКІМНІҢ ДЕ БАР ТАЛАСЫ...

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына орай «Ұлттық код – рухани болмыс кілті» тақырыбында шығармашыл жастар арасында сурет салу байқауы өтті.
Жастардың бойында патриоттық, достық, адамгершілік, өнерге деген сүйіспеншілік қасиеттерін қалыптастыру және өнерге қызығушылығын арттыру мақсатында өткен байқауға қатысушылар қыл қалам арқылы қиялындағы ғажайыптарды қағаз бетіне түсірді.
– Елбасы өзінің мақаласында: «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек» деген болатын. Қазақтың арғы бергі тарихына үңілетін болсақ, сонау алғашқы қоғамдық дәуірлерден бастап қазақ даласында сурет салу яки бейнелеу өнерінің болғанын көреміз. Оған дәлел, үңгір қабырғаларына, жартастарға салынған адам, жануар, өсімдіктердің бейнелері. Әбілхан Қастеевтей ұлы суретшіні тудырған өткен ғасыр қазақ бейнелеу өнерінің алтын ғасыры болды. Суретшілеріміз салған көркем картиналар қазақтың жаны мен өмірінің айшықты көріністеріне, шежіресіне айналды. Келген көрермендер төл мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізге, тарихымызға негізделіп салынған тамаша туындылардан рухани азық алып, жан дүниелерін ұлттық құндылықтармен байытады деген сенімдемін», – деді шараның ашылу салтанатында сөз алған «Жас Отан» ЖҚ Жалағаш аудандық бөлімшесінің басшысы Айбек Сталбекұлы.
Байқауға өңірге белгілі суретшілер Жұматай Қорғанбаев, Жасұлан Бекмолдаев, Нұрлан Манабаевтар қазылық етті. Бірінен бірі өтетін туындының арасынан үздікті анықтау да оңайға соқпады. Дегенмен де, әділқазылар алғашқы орынды Мәдениет ауылынан келген Нұрай Қанибекқызына берді. Келесі орынды Мақпалкөл ауылының тумасы Назерке Дәруіш пен М.Шәменов ауылынан келген Арман Бүркітбаев жеңіп алса, ІІІ орынды Әли Мұқамедияр, Серікбол Алпысов және Аида Естай өзара бөлісті. Шара соңында байқау жеңімпаздары арнайы дипломдармен марапатталды.

Н.ҚАЗБЕКОВ.
20 ақпан 2018 ж. 2 612 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930