» » Дәрігер кімге күріш жеуге болмайтынын айтты

Дәрігер кімге күріш жеуге болмайтынын айтты

Күріш

Дәрігер-диетолог қандай аурулар кезінде күрішті жеуге болмайтынын айтып берді

Дәрігер-диетолог Ольга Кораблева күріштің адам денсаулығына пайдасы мен кімге жеуге болмайтынын айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

Маман күріш диеталық тағам екенін еске салды: пісірілген 100 грамм өнімде – небәрі 110-120 калория. Күрделі көмірсулар ұзақ уақыт бойы қарын аштырмайды және шамадан тыс көп жеуге мүмкіндік бермейді. 100 грамм күріште 2,6 грамм май ғана бар.

"Күріш жүйке жүйесіне қажетті В тобындағы дәрумендерге, калий, марганец, мырыш, магний, фосфорға бай. Дәнді дақыл жақсы сіңеді, сондай-ақ ол токсиннен құтқаратын және тұздың жиналуына тосқауыл болатын табиғи "сорбент", - дейді Кораблева.

Күріш жеңіл сіңеді және іш өту мен іш кебу сияқты асқазан-ішек жолдары аурулары кезінде өте пайдалы. Дәрігер жіті гастрит кезінде суға пісірілген сұйық күріш ботқасын жеуге кеңес берді. Ал егер іштің қатуы жиі болса, күрішті аптасына екі реттен көп жемеген абзал.

Семіздікке шалдыққан адамдарға да күрішті жеуге болмайды.

"Диабет" диагнозы қойылған адамдар ақ күріштен бас тартқаны жөн: оның гликемикалық индексі – 70, ал сүтке пісірілген ботқаның индексі 75-ті құрайды", - деді дәрігер.

Маманның айтуынша, дені сау адам күніне 200 грамнан артық күріш жемеуі керек.
23 тамыз 2021 ж. 193 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930