Ораза иммунитетті әлсірете ме? Маман жауап берді
Қасиетті Рамазан айында ауыз бекіту – барша мұсылман үшін парыз. Дегенмен күні бойы аш жүру адам ағзасына қалай әсер етеді? Отыз күн бойы өзіңді астан тыю иммунитетті төмендетіп жібермей ма? Бұл туралы нутрициолог, диетолог, салаутты өмір салты туралы кеңес беретін дәрігер Гүлбала Таймаханова жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz.
Диетологтың айтуынша әрбір адам ораза ұстамас бұрын, өз ағзасын алдын ала дайындау қажет.
«Шама келгенше жалпы белок, ферритин мөлшерін және Д витаминін анықтау үшін анализ тапсыру қажет. Қандай да бір дәрумен жетіспеген жағдайда тағаммен толтыру немесе дәрілік препараттарды ораза уақытында әлсіреп қалмас үшін рационға қосу маңызды. Дәрігермен кеңесіп алған дұрыс», -дейді Гүлбала Таймаханова.
Диетолог маманнан пандемия кезінде ораза ұстау қаншалықты қауіпті, вирус жұқтыру жылдамдығы артып кетпей ме деп сұрағанымызда:
«Рамазан кезінде коронавирусқа сілтеп, оразадан бас тартуға болмайды, ауыз бекіту – парыз, бұл – барлық мұсылман үшін міндетті дүние. Егер әрбір адам дұрыс тамақтанатын болса, иммунитеті түспейді. Ең бастысы қызуы жоқ болса, қандай да бір созылмалы ауруы жоқ болса, оразаны еш уайымсыз ұстай берсе болады. Ораза кезінде күнделікті ішіп жеп жүрген тағамдардан алатын дәрумендерді екі бөлесіз. Таңғы уақыт жән кешкі уақыт. Бірақ ол ағзаға еш ауыртпалық әкелмейді», – деп жауап берді ол.
Ол ораза уақытында міндетті түрде рационда май, ақуыз және көмірсулар жеткілікті болуы керектігін баса назарда ұстауды ескертті. Сонымен қатар, пандемия кезінде қандай тағамдарды тұтыну керектігін де айтты.
«Күнделікті жылы су ішілуі қажет (салқын немесе ыстық су асқазанның шырышты қабатына кері әсерін тигізеді), отырып, асықпай ұрттап-ұрттап ішеміз. Мәзірімізде ұннан жасалған тағамдарды мүлдем қолданбаған абзал (печенье, пирог, ақ нан), қант немесе қанты бар тағамдардан бас тарту қажет, қуырылған тағамдарды қолдануға болмайды.
Пандемия кезінде иммунитетімізді көтеру мақсатында сәресіне сүт ( бие, түйе, ешкі), сары май (қолдың сары майы), жаңғақтар, әсіп, қазы, балық,құс еті, ботқа, сүзбе, қайнатылған жұмыртқа, сүйек сорпасын, жеміз-жидек (жеміс аз мөлшерде) қолдануға болады. Ауызашарға жеңіл тез қорытылатын тағамдар болу қажет (көкөністі салаттар, сорпалар, парға, пешке дайындалатын тағамдар, голубцы, долма), кешкі тағам құрамында клетчатка көп болуы қажет», – дейді диетолог.
Күні бойы аш жүрген адам ауыз ашарда барынша абай болғанын ескертеді. Бірден тойып тамақтануға болмайтынын, асқазанымыздың 3/1-тамақ, 3/1 – су, 3/1-ауа болуы маңызды деп басып айтты маман.
Жалпы отыз күн ауыз бекітіп, күндіз тамақтан тыйылудың адам ағзасына тигізер пайдасы орасан зор дейді дәрігер.
«Оразада ұйқының біздің ағзаға тигізер ықпалы өтте зор! Сәресін ішіп болған соң сағат 7-8 дейін ұйықтап алған абзал, күндіз де ағза шаршап қалмас үшін 1-2 сағат ұйқы қажет. Күнделікті иммунитетті көтеру үшін Д-дәруменін, Омега-3 ішуге болады профилактика ретінде (тамақпен бірге 2 мезгіл). Таңертең С-дәруменін және В тобындағы дәрімендер комплексін ішуге болады», – дейді ол.
Диетолог тек ас мәзіріне ғана көңіл бөлмей, міндетті күрде таза ауамен үй ішін желдендіріп, шама келсе жеңіл жаттығуларды да жасауға болатынын айтады. Сондай-ақ жүкті әйелдер, емізетін әйелдер, созылмалы аурулары бар адамдар, қарт кісілер ораза ұстамас бұрын міндетті түрде дәрігер кеңесін алу қажет екен.
— Оразаның адам ағзасына тигізетін пайдасы қандай?
— Оразадан соң біздің ағзада дұрыс тамақтансаңыз болатын өзгерістер:
ағзамыздағы жасушалардың жаңаруы;
асқазан-ішек жолдарының токсиннен тазаруы және ас қорыту жүйесі жұмысының жақсаруы;
бас айналудың болмауы;
иммунитеттің күшеюі;
ашушаңдық, шаршау, әлсіздіктің болмауы;
терінің ағарып, тазаруы.
— Ауыз бекітудің зияны туралы …
— Егер сіз ораза уақытында дұрыс тамақтанбайтын болсаңыз, асқазан, бүйрек, жүрек ауруларының асқынуы пайда болуы мүмкін. Онда оразаның ағзаға зиян тигізуә мүмкін. Дұрыс тамақтанатын адамдарда, иммунитет әлсіремейді, өйткені сіз 1 күндік тағам мөлшерін (ккал) 2-ге бөліп тұтынасыз! 1 күндік ақуыз, май, көмірсуды керек мөлшерде қабылдайтын боласыз.
Дұрыс тамақтанбаған жағдайда адамның иммунитеті түсіп кету қаупі бар, өйткені біздің ағзамызға күнделікті дәрумендерге бай тағамдар түсіп тұруы қажет. Ораза кезінде тәтті, майлы тамақ, газдалған сусындарды мүлдем ішпеген абзал, әйтпесе ағза тазаланбайды.
— Ораза аяқталған соң асқазан жұмсын құртып алмас үшін не істеу керек. Арнайы диета бар ма?
— Ораза біткен соң да міндетті түрде дұрыс тамақтану қажет. Дұрыс тамақтану дегеніміз арықтау емес, әрбір жасап жеп жүрген тағамымыздың дұрыс тәсілмен дайындалуы, оны даярлайтын дұрыс майды таңдап үйрену.