» » Қызылордада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

Қызылордада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты



Қызылордада көпқабатты тұрғын үйден шыққан өрттен 13 адам шығарылды. Бұл туралы    Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі хабарлады.

Оқиға 24 тамыз күні сағат 22-27 шамасында Қызылорда қаласы, Абай даңғылы бойындағы көпқабатты тұрғын үйде орын алған. №28 үйдің 5 қабатты тұрғын үйдің, 2 подъездінің   жанып жатқаны жөнінде 112 құтқару қызметіне хабар түсті.   
  
«Шақырту бойынша Өртке қарсы қызметі жедел жетіп барлау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде аталған тұрғын үйдің 2 подъезінің 1 қабатында электр есептегіші мен подъездің сыртқы кіреберіс ағаш есігі жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілердің күшімен баспалдақ арқылы 13 адам, соның ішінде 6 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт 22 сағат 54 минутта толық жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі – электр сымдарының қысқаша тұйықталуы», – делінген хабарламада.
25 тамыз 2021 ж. 345 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 675

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31