» » Қызылордада көпқабатты үйдегі өрттен 14 адам құтқарылды

Қызылордада көпқабатты үйдегі өрттен 14 адам құтқарылды



Қызылордада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты. Оқыс оқиға бүгін сағат 10.58-де орын алған.

Оқиға орнынан 13 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Сонымен қатар өздігінен жүре алмайтын 1 адам тілсіз жаудан құтқарылды.
Оқиға жөнінде Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментіне хабар келіп түсіп, Абай даңғылы бойындағы №48 үйдің бесінші қабатындағы 2 пәтердің балконы жанып жатқаны жөнінде айтылған.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына жылдам жетті. Барлау жұмыстарынығ нәтижесінде оқиғаның мән-жайы анықталды. Өрт сөндірушілердің жедел және біріккен іс-қимылының нәтижесінде жоғарғы қабаттан барлығы 13 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Олардың 2-і бала. Сондай-ақ, өрттен өздігінен жүре алмайтын бір азаматша құтқарылды. Өрт сағат 11.10-де оқшауланып, 11.18-де толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

14 мамыр 2021 ж. 362 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 919

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31