» » Боранда қалған 143 адам құтқарылды

Боранда қалған 143 адам құтқарылды



Қызылордалық құтқарушылар Қызылорда мен Жезқазған аралығындағы жолда 143 адам мінген 54 көлікті қар құрсауынан алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел кезекшісіне 13 ақпан күні хабар келіп түсті. Аталмыш хабарламада Қызылорда-Жезқазған тас жолының бойында жолаушылар қалып қойғаны айтылған. Департамент кезекшісінің хабарлауымен Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы оқиға орнына аттанды.
«Бұл аумақ ауа райы нашар болды. Аумақ қар құрсауында қалған. Оған қоса боран соғып тұрды. Осылайша тас жолдың 195-212  шақырымы аралығында жолаушылар қиын жағдайда қалып қойған. Құтқарушылар дереу іске кірісті. Осының нәтижесінде жолаушылар құтқарылды. Олар Қызылорда қаласына жеткізілді. Олардың арасында зардап шеккендер мен үсік шалғандар кездескен жоқ», - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Айгүл Нұрманова.
Авариялық құтқару жұмыстары барысында қар құрсауынан 40 жеңіл, 10 жүк көлігін және 4 шағын автобусқа мінген 43 жолаушы қауіпсіз жерге шығарылды.



https://syrboyi.kz
15 ақпан 2019 ж. 719 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930