Бір жылда 12 ай болса, адамда 12 мүше бар. Уақыт көшінің бір жылы 365 күннен тұрса, Қытай емшілерінің айтуынша, адамда да соншалықты буын бар. Мұның бәрі адамның табиғатпен тығыз байланысты екенін айғақтайды. Өзіңізді сырт көрінісіңізбен бүтін бір ағзамын деп есептесеңіз қателесесіз. Сырт қарағанда солай болғанымен, адам ішінде қаншама миллиондаған тірі бактериялар өмір сүретіні туралы ойланып көрдіңіз бе? Назарларыңызға адам ағзасына қатысты қызықты деректер ұсынамыз.
***
Орташа адамның бойы 171 см, салмағы 66,6 кг. Дене 500 бұлшықеттен, 206 сүйектен және 230 буыннан тұрады. Бұны 1,5 - 2,5 миллиметр тері жауып тұрады;
Біздің денемізде шамамен 4,7 литр қан айналады. Жүрек минутына 72, күніне 100 000 рет соғады;
Біздің денемізден:
▪ бір шелек әк,
▪ жеті сабынға жететін май,
▪ 45 литрлік ыдыс толатын су,
▪ 5 сантиметрлік шегеге жететін темір,
▪ 2200 сіріңкенің басына жететін фосфор алуға болады.
Адам ағзасы шамамен 60 ватт энергия өндіреді. Бұл кәдімгі үйдегі шамды іске қосуға жеткілікті;
Терінің бір шаршы сантиметрі шамамен 3 миллион ұсақ жасушалардан тұрады;
Бұл шағын аумақта:
▪ жасушаларды қоректендіретін 90 сантиметр қан тамыры;
▪ суықты анықтайтын 2 және жылуды анықтайтын 12 рецептор бар;
▪ терінің жұмсақтығын қамтамасыз ететін 15 май безі;
▪ жанасуды сезетін 25 рецептор;
▪ уды қайтаратын 100 тер безі;
▪ ауруды сезетін 200 нерв ұшы бар.
Адам басында шамамен 90 000 - 150 000 тал шаш бар. Олар күніне 19 сағат өсіп, қалған уақытта демалады. Дене түгі аз өседі (күніне 10-12 сағат).
Ер адамның шекесінде тәулігіне миллиметрдің төрттен бір бөлігіне тең өсетін және бүкіл өмірінде шамамен 630 см өсетін 25 000 түк бар;
Ағза қаны жалпы ұзындығы 160 000 км болатын қан тамырлары арқылы өтеді және бүкіл денені айналып өтуіне бір минут уақыт кетеді;
Секунд сайын 10 миллион эритроцит қан айналымынан шығарылады, жойылады және ауыстырылады;
Көз дененің жүйке энергиясының төрттен бір бөлігін тұтынады;
Көз күн сайын шамамен 50 000 суретті түсіріп, оны миға жібереді;
Көз жыпылықтаған кезде адам секундтың оннан үш бөлігіне тең уақытта айналадағы әлемді визуал қабылдауды тоқтатады, осылайша ояу уақыттың 11-ден 20%-на дейін айналада не болып жатқанын көрмейді;
Адам күніне 20 000 рет дем алады.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz