» » Ұйықтауға көмектесетін тағамдар

Ұйықтауға көмектесетін тағамдар

Ұйықтауға көмектесетін тағамдарАдам ағзасы мен денсаулығына ұйқының маңызы ерекше. Ал ұйқы жақсы болу үшін тағам да дұрыс болғаны жөн.

Ғалымдар тамақ пен ұйқының тығыз байланысты екенін бұрыннан байқаған. Дұрыс тамақтанбау ұйқыны бұзады. Ал бұзылған ұйқы тамақтануға кері әсер етеді. Зерттеушілердің айтуынша, дұрыс ұйықтамаған адам майлы және көмірсуы мол тағамдарға жерік келеді. Адам ағзасы дұрыс ұйықтамай жинай алмаған энергиясын артық тамақтан алғысы келеді.

Ал дұрыс ұйықтау үшін не керек? Тамақ керек. Қандай тағам жеген жөн? Мәселе осында.

Адам ұйқысына әсер ететін – мелатонин гормоны. Оның бөлінуіне, пайда болуына бөлшек – триптофан ақуызы. Адам ағзасы бұл амин қышқылын өздігінен бөле алмайды. Ол үшін тамақ керек. Әсіресе, В дәрумені мен магний көп тамақтар қажет.

Сондықтан жатарда жылы сүт, жаңғақ, балық жеп жатқан дұрыс. Сүттің құрамында триптофан көп, В дәрумені мен магнийге бай. Ал жаңғақтың құрамында триптофанды қорытатын, сіңдіретін заттар бар.

Балық – триптофан мен В дәруменінің нағыз көзі. Үнемі балық жейтін адамның ағзасына мелотанин де көп болады. Демек, ондай адамның ұйқысы тыныш.

20 шілде 2021 ж. 395 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930