» » Ғалымдар бір түн ұйықтамаудың қаупін атады

Ғалымдар бір түн ұйықтамаудың қаупін атады


© pixabay.com

Адам бір түн ұйықтамаса оның бауырынан мөлшерден көп глюкоза шығып, май бездерінің дерті мен 2-типтегі қант диабеті сияқты метаболит аурулар пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Тохо университетінің ғалымдары айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. Ғалымдар жүргізген зерттеу American Journal of Physiology - Endocrinology and Metabolism журналында жарияланды. Ғалымдардың айтуынша, дұрыс ұйықтамаған адамдар көбіне көп тамақ ішіп, аз қимылдайды және 2-типтегі қант диабетіне шалдығып жатады. Осы ретте мамандар екі типті жануарларға зерттеу жүргізген: біреулеріне көп дегенде 6 сағат ұйықтауға уақыт берсе, екіншілеріне ұйқыға шектеу қоймаған. Бірақ екі топқа да майлы тағам мен тәтті сулар беріліп тұрған. Зерттеу нәтижесінде дұрыс ұйықтамаған жануарлардағы глюкоза мен триглицеридтің (майдың) мөлшері екінші топқа қарағанда айтарлықтай көп болғаны анықталған. Ал триглицеридтің мөлшері көбейсе, ғалымдардың айтуынша, 2-типтегі қант диабетінің пайда болу қаупі артады.

tengrinews.kz



07 қыркүйек 2018 ж. 929 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930