» » МҰНАЙ ӨНІМДЕРІН ЭКСПОРТТАУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

МҰНАЙ ӨНІМДЕРІН ЭКСПОРТТАУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

Қазақстанда мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салуды жарты жылға ұзарту жоспарланып отыр. Бұйрық жобасын Сауда және интеграция, Ұлттық экономика, сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері дайындады.

«Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін экспорттаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрықтың жобасы 1 қазанға дейін «Ашық НҚА» сайтында жария талқылау үшін жарияланған. «Көлік бактарында экспорттауды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль жолымен бензин, дизель отыны мен мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін шығаруға алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін» делінген құжатта.

Бұйрықта мұнай өнімдерін шығару көлемі 20 литрден аспайтын контейнерлерде рұқсат берілгені айтылған. Ал Қазақстанда мұнай өнімдерінің экспортына шектеу енгізу туралы сәуірде хабарланды. Тиісті шешім Энергетика министрлігі мәліметінше, ішкі нарықта мұнай өнімдеріне тапшылықтың туындауына жол бермеу үшін қажет.

21 қыркүйек 2021 ж. 191 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 131

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930