» » ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚ АСҚЫНЫП ТҰР

ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚ АСҚЫНЫП ТҰР

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде көшпелі кеңес өткізді. Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары О.Бектенов Министрлік жетекшілік ететін салалардағы елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне назар аударып, оларды жою үшін шұғыл түрде жүйелі шара қабылдау қажет екеніне назар аударды.

– Экологиялық бақылау бөлімшесі қызметкерлерінің жемқорлық жасау фактілерінің жиілеп кетуі зор алаң­даушылық тудырады. Пайдакүнем қызметкерлер эколо­гия­лық талаптарды бұзғаны үшін заңмен белгі­ленген қомақты айыппұлдарды кәсіпкерлерге қысым көрсетуге және заңсыз сыйақы талап етуге пайдаланады, – деді ол.

Агенттіктің Превенция қызметінің басшысы М.Төлеу­баев соңғы 3,5 жылда Министрлік жетекшілік ететін салаларда 80-ге жуық жемқорлық фактісі сотқа жібе­рілгенін айтты. Мәселен, биыл 30 млн теңге көле­мінде пара алған Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысының міндетін атқарушы А. сот үкімімен 11 жылға бас бостандығынан айырылған. А-ға үкім шығарылған күні талапты қайтарып алуға ықпал еткені үшін 50 млн теңге көлемінде пара алу кезінде бас экологиялық инспектор – осы облыстың экология департаменті басшысының орынбасары ұсталған.

М.Төлеубаев әрбір қылмыстық құқық бұзушылық бойынша егжей-тегжейлі талдау жүргізіп, сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін нақты себептер мен жағдайларды анықтау қажеттігін атап өтті. Ал Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С.Брекешев әрбір сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша тәртіптік шара қабылданатынын жеткізді.


28 қыркүйек 2021 ж. 257 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930