» » Дәрігер COVID-19 пандемиясы қашан аяқталатынын айтты

Дәрігер COVID-19 пандемиясы қашан аяқталатынын айтты

Sputnik радиосына сұқбат берген ресейлік инфекционист дәрігер Георгий Викулов қалыпты өмірге оралуға кедергі болып отырған негізгі мәселені атады.

Бұған дейін оның әріптесі Евгений Тимаков пандемия шамамен бір жылдан кейін аяқталады деп болжам жасаған болатын. Георгий Викулов те онымен келісіп отыр.  

"Неге тағы бір жыл деп жатыр? Өйткені әлемдегі адамдардың басым бөлігінде әлі күнге дейін инфекцияға қарсы иммунитет жоқ. Әсіресе бұл тұрмысы төмен елдерде айқын байқалып отыр. Демек ондай жерде аурудың қоздырғышы айналып жүре береді", – дейді медицина маманы.

Викуловтың айтуынша, жер-жаһанда адамдардың 60 пайызында COVID-19 инфекциясына қарсы иммунитет пайда болғанда пандемия аяқталады.  

"Адамдардың бір бөлігі ауырып шығады, басым бөлігі вакцина салдырады. Ғаламшар халқының 60 пайызында коронавирус инфекциясына қарсы иммунитет қалыптаспағанша түбегейлі өзгерістер болмайды", – деді дәрігер.
30 қыркүйек 2021 ж. 546 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930