» » АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАУ - БАРШАМЫЗДЫҢ ПАРЫЗЫМЫЗ

АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАУ - БАРШАМЫЗДЫҢ ПАРЫЗЫМЫЗ

Бүгін "Nur Otan" партиясы Жалағаш аудандық филиалының "Жастар" бастауыш партия ұйымы мен «Jas Otan» ЖҚ ұйымдастыруымен «Ардагерлер» күніне орай жастармен кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты: жастардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және отбасы құндылықтарын сақтауға тәрбиелеу.

Аталмыш шараның құрметті қонағы болып, білім саласының ардагері, Жалағаш аудандық «Қазақ тілі қоғамдық бірлестігінің төрайымы» - Мейірман Дина апайымыз және кәсіпкерлер саласының ардагері – Махатаев Амангелді ағайымыз қатысты. Ардагерлеріміз жастарға өздерінің өнегелі әңгімелері мен ақыл-кеңестерін айтып, отбасын сақтап қалу үшін қажетті құндылықтарымен бөлісіп, жұмыстарына толағай табыс, отбасыларына амандық, бақыт тіледі. Кездесу барысында жастар мен ардагерлер арасында сұрақ-жауап алмасып, ардагерлеріміздің құрметіне әнде айтылды. Шара соңында ардагерлерімізге сый-сияпат көрсетілді.
01 қазан 2021 ж. 414 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 026

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30