ТЫЛДАҒЫ ТЫНЫМСЫЗ ЕҢБЕК.

Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаев «Біз әрқашан Жеңіс күнін аға буынның Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің, жастарды ерлік пен патриотизм рухында тәрбиелейтін өлшеусіз өнегесі деп білеміз» - деп атап көрсеткен болатын. Осы орайда, «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Мырзабай ахун ауылдық округі» БПҰ ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында канвассинг кездесу өткізілді.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Елорда күніне орай ұйымдастырылған кездесуге партия мүшелері ауыл ақсақалы, тыл ардагері Демесінов Қалдан атамыздың үйін болып қайтты. Ардагеріміздің Тәуелсіздік тұсындағы және соғыс жылдарын еңбектерімен танысып, партия тарапынан сый-сыяпаттарын көрсетті. Әрине, осындай ардагерлеріміздің еңбегін әрдайым естен шығармай насихаттау баршамыздың парызымыз. Партия мүшелері ардагеріміздің ақ батасын алып, партия тарапынан жасалып жатқан игі істерге тоқталып кетті.