Еркін микрофон
Еліміздің болашағы ол жастардың қолында. Болашақта ел тізгінін ұстайтын азаматтар – бүгінгі жастар. Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Ұлт болашағы -білімді ұрпақ қолында» осы тұрғыда, «Nur Otan» партиясының «Жастар Отанға» партиялық жобасы аясында аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева, "Jas Otan" ЖҚ Жалағаш аудандық бөлімшесінің басшысы С.Нарбота, «Мақпалкөл ауылдық округі» БПҰ жетекшісі Ғ.Бектаева және ауыл әкімі Б.Тұңғышбаевтардың қатысуымен «Еркін микрофон» форматында ауыл жастарымен кездесу өткізілді. Аталмыш шарада Қ.Мұстафаева өз сөзінде «Еріктілер жылы» – жастардың өзін дамытуына үлкен мүмкіндік екенін айтып ауыл жастарына тек сәттілік тілесе, ал С.Нарбота алдағы атқарылатын жұмыстарға белсене араласуға насихаттады. Ауыл жастары өз кезегінде белсенділіктен танытып келген меймандарға рахметі ретінде өз өнерлерін ортаға салып күміс көмей әншіліктерімен ризашылықтарын білдірді. Ұйымдастырылған шараға 14 – 29 жас аралығындағы ауыл жастары, студенттер, жас отбасылар және жұмыссыз жастар қамтылды.
Ахан Кенжебаев