ДЕНІ САУ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

Тәрбие сағатының басты мақсаты – оқушылардың дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру, денсаулық құндылығын түсіндіру. Семинар барысында мектептің әлеуметтік педагогы, психолог мамандар балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтануын қалыптастыру, олардың тамақтану мәдениетін сақтау арқылы тамақтанудың денсаулыққа тиімді әсері, табиғи тағам өнімдерінің пайдасы, тамақтанар алдындағы санитарлық талаптың сақталуы, тағам әзірлеудің әдістері, тамақтанған кездегі дұрыс отырып тамақтанудың маңыздылығын егжей-тегжейлі түсіндірді. Ал қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының маманы дұрыс тамақтанудың адам физиологиясына қажеттілігін сөз етті. Мұнан соң балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық жұмысшы топ өкілдері мектеп асханасының тыныс-тіршілігімен танысып, шығармашылық көрмені тамашалады. Білімді өскелең ұрпақты тәрбиелеуде салауатты өмір салтын ұстану басты мақсат екеніне тоқталған «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева тәрбие сағатының жақсы деңгейде өткенін, үлгі боларлықтай шара болғанын атап өтті.
Мектеп оқушылары ата-аналарға, қатысушы қонақтарға арнаған концерттік бағдарламасын ұсынды.
«ЖЖ» ақпарат