» » ЕРІКТІ ЖАСТАР ҚОЛҒАБЫС ЕТТІ

ЕРІКТІ ЖАСТАР ҚОЛҒАБЫС ЕТТІ

"Nur Otan" партиясы Жалағаш аудандық филиалына қарасты "Аламесек ауылдық округі" бастауыш партия ұйымының "Жастар Отанға" партиялық жобасы аясында "Жас Ұландық" еріктілер белсенділік танытты. Ерікті жастар ауылдағы Өтеулі қажы мешіті ауласының қарын күреп, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Жалпы соңғы жылдары Есет батыр ауылының жастары қайырымдылық шараларына қаржылай және қол көмек беруде де ұйымшылдық танытып келеді. Көпбалалы аналарға, жағдайы төмен отбасыларға жәрдемдесуді дәстүрге айналдырған аламесектіктер соңғы жылдары ауылдағы әлеуметтік нысандардың құрылысына да қолғабыс етуде.
Мұндай шаралар соңғы жылдары үлкен жолдың бойындағы Аққұм ауылында да қолға алынуда мұнда да күні кеше ерікті жастар "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында ардагер Бекжан Бижановтың үйінде болып, ақсақалдың отын-суын кіргізіп беруге жәрдемдесті.
15 ақпан 2020 ж. 701 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930