» » АРДАГЕРДІ АРДАҚТАҒАНДАРҒА АЛҒЫС

АРДАГЕРДІ АРДАҚТАҒАНДАРҒА АЛҒЫС

Қарттарға жан-жақты көмек көрсету, қамқорлық жасау «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының басты назарында. Талай игі бастамалардың көшбасшысы болып жүрген нұротандықтар жыл бойы «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы аясында тыл ардагерлеріне және еңбеккерлерге қолдау көрсетіп, әрдайым көмек қолын созып келеді.
Жуырда «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Шоңмұрынқызы осындай қайырымдылық шараларының басы-қасында жүрген бірқатар партия белсенділерін қабылдады. Жиында Қ.Мұстафаева «Ардагерлерді ардақтайық!» атты партиялық жобасының негізгі мақсат-міндетін атап өтіп, ардагерлерге, жалғызілікті қарттарға үнемі медициналық көмек көрсетіп, баспаналарын жеңіл жөндеуден өткізіп, ауласын тазалап қолдан келген қамқорлығын аямаған үлкен жүрек иелеріне алғысын білдірді. Сондай-ақ, ол денсаулық сақтау саласының, ауыз су, КРЭК мекемелерінің қызметкерлеріне және аудандық индустриалды-аграрлық колледждің сту­денттеріне партия атынан «Алғыс хаттарын» табыс етті.
Бұған дейін «Нұр Отан» партиясы аудандық фили­а­­­­­лының бастамасымен еріктілер, партия белсенділері шал­ғайдағы елді мекендердегі тұрғындардың хал-жағ­дайын біліп, қолдан келген көмектерін көрсетіп келеді. Қайырымды жандардың қайырлы істері әлі де жалғасын табады деп сенеміз.

Нұр НАУАН,
М.АХМЕТОВ (сурет).
03 шілде 2018 ж. 1 401 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930