» » АЯЛЫ АЛАҚАН ҚАШАН ДА ҚЫМБАТ

АЯЛЫ АЛАҚАН ҚАШАН ДА ҚЫМБАТ

Ана бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербейді. Қыс ызғарын кері ысырып, жылылық жаршысындай болып, әрбір жүрекке жылу, көңілге нұр себелейтін әйелдер мерекесі аудан көлемінде кеңінен тойланды.
Мереке аясында «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында ерекше жағдайдағы балаларды тәрбиелеп отырған аналарға құрмет көрсетілді. Салтанатты шараға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева, №10 «Жалағаш» сайлау округі бойынша Қызылорда облыстық мәслихат депутаты Райкүл Байназарова, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Эльмира Құттымбетова және партия белсенділері мен құшағы кең, жүрегі ақ аналар қатысты.
Бала – өмірдің гүлі, ата-ананың көз қуанышы, өмірінің жалғаушысы. Дүние есігін ашқан әрбір бала бақытты әрі жайлы өмір сүруге лайықты. Алайда, елімізде туа бітті тағдыр тауқыметіне ұшыраған балалар көп. Бірақ, олар өмірге құштар. Себебі, жанында жақсы көретін ата-анасы, жақындары мен жан-жақты қолдау жасайтын мемлекет бар. Нұротандықтар ұйымдастырған шарада көңілі ашық, ақжүректі, өмірге құштар, балаларды көріп, жан жылуын сезіндік. Жиында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева, облыстық мәслихат депутаты Райкүл Байназаровалар ардақты аналарға мерекелік лебіздерін жеткізіп, ақ тілектерін жаудырды. Олардың қиыншылыққа мойымай, балаларын ел қатарлы жеткізіп, қажырлы еңбек етіп, шаңырағын шаттыққа бөлеп отырғандарына алғыстарын айтты.
Мерекелік қабылдау барысында отбасының ұйытқысы болып отырған, баласына аналық мейірімін төгіп, өмірде өз орны бар жеке тұлға екендігін сезіндіріп, барлық жағынан көмек пен қолдау көрсетіп жүрген, төзімділік пен қайратты тұрмысына тұздық еткен, жүрегі мықты, жаны нәзік әйелдер қауымына ерекше құрмет көрсетілді. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы атынан «Құттықтау хаттар» мен гүл шоқтары, бағалы сыйлықтар табысталды. Мерекелік шара соңында белгілі жырау Әділхан Құлтасов қатысушыларды мерейлі мерекемен құттықтап, жыр-толғауын арнады.
Н.АЛМАС.

17 наурыз 2018 ж. 1 546 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930