» » ҚАМҚОРЛЫҚ ҚҰШАҒЫ ЖАЙЫЛСЫН...

ҚАМҚОРЛЫҚ ҚҰШАҒЫ ЖАЙЫЛСЫН...

Жуырда аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Көгілдір көктемнің гүл мерекесі қарсаңындағы жиынның мән-мазмұны әдеттегіден өзгеше өрілді. Яғни, ардақты аналардың, қыз-келіншектердің құшағы гүлге толып, марапат төрінен көрінді.

Жиынды комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов жүргізіп, алғысөзінде ардақты жандарға өз құттықтауын жеткізді. Сонан соң, күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Э.Құттымбетова жасады. Хабарламашының сөзінше, өңірде ерекше жағдайдағы жандарға жасалған қамқорлық өз деңгейінде жүзеге асырылуда. Десе де, мәселе жоқ емес. Айталық, кейбір қоғамдық орындарға кіріп-шығу үшін қажетті мүмкіндіктер (пандус) жасалмаған. Жағыпар Айтбайұлы бұл орайда қажетті іс-шараларды жедел түрде жүзеге асыру қажеттігін, аудан әкімдігі тарапынан тиісті қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Сонан соң, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясындағы кәсіпкер әйелдерді қолдау шаралары туралы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ж.Еспенбет хабарлама жасады. Бізге мәлім болғандай, ауданда кәсіпкер нәзікжандылардың саны артып келеді. Биылғы жылы да қабылданған бағдарламалар шеңберінде олардың қатары арта түсетіні айдан анық. Ал, аудандағы гендерлік теңдік стратегиясын дамыту бағытында үкіметтік емес ұйымдардың атқарған жұмыстары туралы қандай дегенге келсек. Бұл жайында баяндама жасаған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғ.Телібаевтың айтуынша, соңғы жылдары құрылған кеңестер мен қоғамдық ұйымдар өткен жылы да аз жұмыс атқармаған. Оған дәлел ретінде былтырғы жылы өткізілген бір ған аналар форумын айтуға болады.
Жиын соңында Жағыпар Айтбайұлы бір топ нәзікжандыларды марапаттап, сый-сияпат табыстады. Сонымен қатар, мәслихат депутаты Ақшагүл Махатова мерекелік құттықтауын жеткізіп, жиналғандар естелік суретке түсті.

Н.ТАСТЕМІР.

13 наурыз 2018 ж. 1 187 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 692

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031