» » АНАЛАР ҚҰШАҒЫ ГҮЛГЕ ТОЛДЫ

АНАЛАР ҚҰШАҒЫ ГҮЛГЕ ТОЛДЫ


8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев аудандық перзентханаға барып, жас аналарды төл мерекелерімен құттықтап, сый-сияпат жасады.Алдымен, аудан басшысы перзентханадағы жас аналардың жағдайын біліп, кішкентай сәбилердің болашағы жарқын, еліміздің ардақ тұтар азаматтары мен азаматшалары болсын деген тілегін жеткізді.
– Сіздерді, жылуы мен шуағын сыйлап, жанұяларыңызға үміт пен ниет ұялатқан көктемнің шұғылалы мейрамы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Өркениетті еліміздің дені сау, саналы ұрпағын өсіріп, жас нәрестелерге ана махаббаты мен мейірімін, шуағын сыйлай беріңіздер. Отбастарыңызға аманшылық, дендеріңізге саулық тілеймін! Дүние есігін ашқан сәбилеріңіз елдің азаматы болсын, – деді өңір басшысы. Мұнан кейін Қ.Сәрсенбаев аналарға сый-сияпат ұсынып, мерекелік құттықтау хатын табыстады.
Мұнан соң аудан әкімі «Ал-Нұр» мейрамханасында бір топ батыр аналарды, ардагерлер мен әр салада табысты еңбек етіп жүрген қыз-келіншектерді қабылдап, сый-құрмет көрсетті. Ол өз сөзінде адамзат баласына өмір сыйлаған аналардың, соның ішінде бүгінгі таңда қыз-келіншектердің мемлекеттік және қоғамдық істерге белсене араласып, түрлі салада табысты еңбек етіп келе жатқанын айтты.
– Аяулы аналарымызға, ардақты қыз-келіншектерге қандай құрмет көрсетсек те артық етпейді. Елдің дамуы мен экономиканың өркендеуіне зор үлес қосып, еңбекпен пісіп-жетілген аналарымыз баршылық. Олардың еңбегі орасан зор. Өмірдің талай қиындығын көрсе де қажымаған, еңбегінің арқасында ел құрметіне бөленген батыр аналарымыз бен ардагер апаларымыз бүгінде немере мен шөберенің қызығын көріп отырған бақытты аналар. Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты. Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша мән беріледі. Сіздерге және отбасыларыңызға әрқашан бақыт және мықты денсаулық тілеймін, – деді аудан басшысы.
Қайратбек Әубәкірұлының құттықтау сөзінен кейін әр салада табысты еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер аудан әкімінің «Құттықтау хатымен» марапатталды. Сондай-ақ, мерекелік сый-сияпат табысталып, аналар құшағы гүлге толды.
Шара барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев, ардагер ұстаз Роза Исахметова және басқа да қадірлі меймандар ақ тілектерін жеткізіп, аналарды атаулы мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, белгілі ақын, ҚР Журналистер одағының мүшесі Айкүміс Орынбаева, жас ақын Жасұлан Серік, Оралхан Мәлік аналарға арнап өлең оқыды. Ақындардың жыр-шумақтарынан төгілген тілектеріне дастарқан басына жайғасқан меймандардың қошеметі ерекше болды. Мерекелік кеште Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары ән-жырдан шашу шашып, барлық қошемет аналарға арналды.
Құрмет төрінен көрінген аяулы аналар аудан басшысына алғысын айтып, ел игілігі жолындағы еңбегіне табыс тіледі.


Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ,
Маханбет АХМЕТОВ (сурет).

07 наурыз 2018 ж. 1 829 2

Гость Jeaplause от 14 ақпан 2019 10:18
Propecia Merck Farma Comment Durer Plus Longtemps Naturellement cialis from canada Clomid Acupuncture Get Pregnant Le Cialis Wikipedia

Гость Jeaplause от 5 наурыз 2019 22:01
Clomid Probabilite Rxshop247 generic cialis overnight delivery isotretinoin 10mg Acheter Viagra Nord Usa Viagra Online Pharmacy

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 707

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031