«АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНА» БАЙҚАУЫ!!!
Шаңырақтың шаттығы мен берекесін еселеген ардақты аналардың қоғамдағы орны қашан да ерек. Азат елдің айбынды ұрпағын тәрбиелеуде еткен еңбектерін ештеңемен теңгере алмасымыз анық. Сондықтан бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен ақ жаулықты абзал аналарымыздың алдында әрбіріміз мәңгі қарыздармыз. Осы орайда, «QYZYLORDA» телеарнасы шұғылалы көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай асыл аналарымызды ардақтау мақсатында «АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНА» байқауын жариялайды. Байқаудың шарты бойынша облыс төңірегіндегі көпбалалы аналар өздерінің отбасы туралы мәлімет пен суреттерін «kazakhstan.kyzylorda@bk.ru» электрондық поштамызға жолдаулары қажет немесе 8 778 244 90 42, 27 74 19 байланыс нөмеріне хабарласуларына болады. Біз жіберілген материалдарды телеарнамыздың ресми сайтына жариялаймыз. Жеңімпаз ана дауыс беру арқылы анықталады. Ең көп дауыс жинаған алғашқы үштікке телеарнаның арнайы сыйлығы табысталады және жеңімпаз аналар туралы эфирден бейнематериалдар көрсетіледі. Байқау 8 ақпан мен 5 наурыз аралығында өтеді. Сондықтан қалыс қалмай, белсене қатысуға шақырамыз!
Пікір 1