Данэлия Төлешоваға “Халық сүйіктісі” Ұлттық жүлдесі табысталады
“Халық сүйіктісі” Ұлттық жүлдесін табыстау салтанаты 3 ақпанда өтеді. Бұл туралы іс-шара ұйымдастырушыларына сілтеп ҚазАқпаратхабарлады.
Оргкомитеттің шешімімен, “Халық сүйіктісі” жүлдесін үлестіру міндеті арнайы кеңеске жүктелді. Қоғамдық кеңестің төрайымы ретінде бірауыздан парламент сенатының депутаты, сенатқа қарасты әлеуметтік-мәдени даму мен ғылым бойынша Комитет басшысы Бірханым Әйтімова сайланды.
Кеңес шешімімен, “Халық сүйіктісі” Ұлттық жүлдесіне төмендегі адамдар лайық деп танылды:
“Жыл таңдауы” – Украинада өткен “Голос.Діти” шоуының жеңімпазы, қазақстандық әнші
“Жыл жаңалығы” – «QAZAQSTAN» телеарнасы;
«Табыс пен даму» – ҚР Ұлттық паралимпиадалық комитет;
“Алтын дәуір” – белгілі қазақ ақыны Шөмішбай Сариев;
“Жыл меценаты” – Махмуд Нәлібаев, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы халықаралық қайырымдылық қорының президенті (әнші Сиви Махмудидің әкесі);
Сондай-ақ, халықтық дауыс беру барысында жүлденің негізгі 15 аталымы лауреаттары анықталды.
Жүлдені табыстау салтанаты 3 ақпан күні Rixos President Astana қонақ үйінде өтеді.
Stan.kz