» » ҚАЗЫНАҒА ҚАРЖЫ ТИІМДІ ИГЕРІЛУІ ТИІС

ҚАЗЫНАҒА ҚАРЖЫ ТИІМДІ ИГЕРІЛУІ ТИІС

Сәрсенбіде аудандық мәслихаттың кезектен тыс 21 сессиясы өтті. Жиынға аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев пен халық қалаулылары, аудан әкімінің орынбасарлары, бірқатар бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты. Басқосуда күн тәртібіндегі 7 мәселе қаралып, барлығы да депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты. Алғашқы мәселе бойынша баяндама жасаған аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жұпар Баймаханова 2018-2020 жылдарға арналған аудан бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жайына кеңінен тоқталды.

Бөлім басшысының айуынша өткен жылдың соңында аудан бюджетінің бос қалдығы есебіндегі үнемделген республикалық бюджеттің 2276,1 мың, облыстық бюджеттің 6 млн 971 мың теңгесі облыс қазынасына қайтарылған. Ал, аудан бюджетінің бос қалдығында облыстық бюджет қаражаты есебінен Аққыр бағытындағы “Оңтүстік коллектор” көпірін қайта жаңғырту жұмыстарының жобалау-сметалық құжатын мемлекеттік сараптамадан өткізуге бөлінген 695 мың теңге осы жылға пайдалануға қайта бағытталды. Ақпан айындағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс 18 сессиясының шешімімен биылғы аудан бюджетіне 97 млн 805 мың теңге бөлінді. Тиісті қаражаттың 50000 мың теңгесіне кенттегі Бұқарбай батыр көшесін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде. Ал, 43 987 мың теңгесі жалпы білім беретін мектептерді цифрлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге бағытталған. Оқушыларды оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етуге 2 809 мың теңге қаралса, облыстық деңгейден аудандық деңгейге берілген 1 бірлік штаттан тыс қызметкердің ұстау шығындарына 1009 мың теңге бөлінген.
Облыс қазынасынан қаралған тиісті қаражатқа қатысты аудан бюджетіне түзету енгізілді. Аудан бюджетінен облыстық бюджетке электронды құжат айналымы бірыңғай жүйесі және бейне конференциялық мәжілістердің орталық шығындарына 6 млн 425 мың теңге бағытталады. Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен 12 025 мың теңге қысқартылады. Басқосуда басқа да бірқатар бөлімдерге қаралатын қаржы жайына кеңінен тоқталған Ж.Баймаханова аудан бюджетінің көлемі 7 млрд 203 млн 041мың теңгені құрайтынын айтты. Мұнан кейін баяндамашы бөлім атаулары мен қаражаттарға қатысты енгізілген өзгерістер жайын атап өтті. Мұнан кейін 2018-2020 жылдарға арналған аудан бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихат шешімінің жобасы халық қалаулылары тарапынан бірауыздан қолдау тапты. Жиында күн тәртібіндегі өзге де мәселер бойынша сөз алған бөлім басшылары мен жауапты азаматтардың жобаларын да депутаттар бірауыздан қолдады.
Сессияны қорытындылаған аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев жол жөндеу жұмыстары мен әлеуметтік нысандар мәселесінің бірқатары өз шешімін тапқанын жеткізіп, бюджеттегі қаржының тиімді игерілу қажеттігін айтты. Сондай-ақ, ол Жалағаштың облыс бойынша мал ұрлығы жөнінен көш бастап тұрғанын жеткізіп, ауылдық округ әкімдеріне пада ұйымдастыру мәселесін шешудің оңтайлы нұсқасы екенін жеткізді. Аудан басшысы бұл тұрғыда учаскелік полиция қызметкерлерінің де жұмысын ширату қажеттігін айтып, бірқатар елді мекеннің учаскелік полициясының жұмысын үлгі етті.

Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ.

03 наурыз 2018 ж. 1 175 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 730

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930