ОБЛЫС БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ
Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс 18 сессиясы өтті.Сессия төрағасының міндетін атқарған облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов күн тәртібіндегі мәселелерді хабарлап, оның алғашқысында «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №157 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі айтылды. Бұл ретте облыс әкімі Елбасы Жолдауы мен мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың, сонымен бірге Президент пен Үкіметтің жергілікті атқарушы органдарға жүктеген міндеттерін жүзеге асыру мақсатында облыс әкімінің 2018 жылға арналған іс-қимыл жоспары қалыптастырылып, онда 300-ден астам іс-шара қамтылғанын айтты. Оның ішінде, сондай-ақ, жуырда ғана Елбасы төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалар да қамтылып отыр. Облыс әкімі 2018 жылды «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» болатынын атап өтті. Мұнда жаңа жұмыс орындарын ашу, салық базасын кеңейту, қоғамдық саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету секілді бірқатар мәселелер тұр.
Аймақ басшысы биылғы жылдың алғашқы сессиясында 2018-2020 жылдарға арналған облыс бюджетін барлығы 7,8 млрд теңгеге нақтылау ұсынылып отырғанын мәлімдеді. Бұл қаржы Елбасы Жолдауы мен Үкіметтің жүктеген міндеттері, облыстың басым бағыттарын жүзеге асыруға жұмсалатын болады. Атап айтқанда, экономиканы цифрландыруға – 804 млн теңге, жаппай кәсіпкерлікті қолдауға – 1,1 млрд теңге, Сырдария өзенінің сол жағалауын дамытуға – 784 млн теңге, мемлекеттік жеке әріптестік жобаларға – 296 млн теңге, инженерлік-инфрақұрылымдарды дамытуға 532 млн теңге, басталған құрылыс жобаларын аяқтауға 816 млн теңге бөлінеді.
Облыс басшысы сол жағалауды дамытуға бөлінген қаржыдан 300 орындық жатақханасы бар 400 оқушыға арналған физика-математика мектебінің құрылысы жобасын дайындауға қаржы қарастырылатынын жеткізіп, осындай білім ошағын ашудың қажеттілігіне тоқталып өтті.
– Ресейдің жоғары техникалық оқу орындарына, Мәскеу мемлекеттік университетінің қолданбалы математика факультетіне, Татарстанның Иннополис университетіне қызылордалық жастар үшін гранттар бөлінуде. Міне, осы аталған оқу орындарына баратын жастарымыздың білім деңгейін көтеруіміз керек. Сол себепті ақылдаса келе Алматыдағыдай физика-математика мектебін ашуды ұйғардық. Бұл жобаны Білім министрлігі де қолдап отыр. Бұл мектепте білім олимпиадаларында жеңіске жеткен балалар оқиды, ал ауылдан келген балалар жатақханада тұратын болады, – деді облыс әкімі.
Аймақ басшысы сонымен қатар, тіршілік негізіндегі тұрақты факторлар үнемі назарда болатынын айтты. Осы орайда бюджетті нақтылау барысында автомобиль жолдары мен көшелерді жөндеуге, абаттандыру мен жарықтандыруға және Астананың 20 жылдығы мен Қызылорданың 200 жылдығын атап өтуге 828 млн теңге бағытталады.
– Шешілуі тиіс мәселелер жеткілікті. Оларды сіздердің қолдауларыңыздың арқасында кезең-кезеңімен іске асыратын боламыз, – деп толықтырды аймақ басшысы.
Мұнан соң депутаттар бюджетті нақтылауды қолдап дауыс берді. Олар сессия алдында өткен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында облыстық экономика және бюджетті жос¬парлау басқармасының басшысы Сәуле Құлымбетовадан бюджетті нақтылау барысында қаржы бөлінетін жобалар туралы толыққанды ақпарат алған болатын. Мәселен, «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде Шиелі кентіндегі индустриялық аймақты газдандыруға, «Театр және музыка өнерін қолдау» бюджеттік бағдарламасы бойынша Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының шетелдерге іссапар шығындарына тиісті қаржы бөлініп отыр. Сол секілді «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қызыл кітапқа енгізілген Арал қаяз балығының аналық тобын қалыптастыру, Арал ауданы Қаратерең ауылдық округінің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында «Баян» каналының су өткізгіштік қабілетін арттыру үшін жобалық-сметалық құжаттамаларды мемлекеттік сараптамадан өткізу, Қармақшы ауданы Балажарма каналын жөндеу секілді өзге де көптеген маңызды мәселелерге қаржы қарастырылған.
Халық қалаулылары, сондай-ақ, сессия күн тәртібіне ұсынылған Арал ауданындағы Бекбауыл ауылында, Қазалы ауданындағы Өркендеу ауылында және Сырдария ауданындағы Ақжарма ауылында дәрігерлік амбулатория құрылыстарының жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылдау туралы шешімді қолдады. Енді алдағы кезеңдері бұл жобалар бюджетке енгізіліп, жүзеге асырыла бастайтын болады.
Сессия барысында өзге де мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ,
«Сыр бойы».