ТАУ БӨКТЕРІНДЕ ТЫНЫҚТЫ
Жаз мезгілінде балалар әрбір күнін қызықты өткізуге тырысады. Бірі лагерлерде тынықса, енді бірі үлкен қалаларға саяхаттауды жөн көреді. Ал, арнайы жолдамамен республикамыздың түкпір-түкпіріне барып, тау бөктеріндегі шипажайларда тынығу бақыты бәріне бірдей бұйыра бермесі анық.
Осыны ескерген жомарт жандар биыл «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалының бақылауында тұрған әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасындағы 9 балаға ата-анасымен бірге табиғаты көркем таулы өңірде демалуға жолдама алып берді. Осылайша, олар жуырда Түркістан облысы, Түлкібас ауданындағы «Таң Нұры» шипажайына тынығып келген болатын. Ондағы қызықты күндерін тамсана айтып, демеушілерге өз ризашылықтарын жеткізді.
– Таудың самалы мен сарқырап аққан мөлдір бұлағы тынығушыларға ерекше әсер сыйлады. Табиғатының әсемдігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Құдды жап-жасыл кілем төсеп қойғандай. Осы таңғажайыптарды қызым Аружан Сансызбай екеуміз бірге тамашалап, ерекше әсер алып қайттық. Бізбен бірге барған 9 ата-ана да балаларымен бірге «Тау самалында» он күн тынықты. Онда барлық жағдайымызды жасады. Түрлі қызықты іс-шаралардың да куәсі болдық. Бізге, осындай демалыс сыйлаған жандарға және осы сапарымызға мұрындық болған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы басшылығына алғысымыз шексіз, – дейді көпбалалы ана Шаттық Ижанова.
Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бұл бастамасына №10 «Жалағаш» сайлау округінен сайланған облыстық мәслихат депутаты Райкүл Мәнсүрқызы, Имамзада Шағыртаев, сондай-ақ, «Агро Холдинг Байқоңыр» бастауыш партия ұйымының төрағасы Манарбек Еспанов қолдау көрсетіп, демеушілік жасады. Нәтижесінде, аз қамтылған және көпбалалы отбасы мүшелері мен ерекше қажеттілігі бар бала тәрбиелеп отырған аналар балаларымен бірге жазғы демалысты қызықты өткізіп, табиғаттың көркем жерлерін көзбен көріп қайтты.
– Бұл демалыста жасөспірімдер тауға шығып, 5 мезгіл тамақтанып, түрлі үйірмелер мен мәдени және спорттық бағдарламаларға қатысса, аналар арнайы ем-дом қабылдады. Тынығушылардың хал-жағдайларымен күнделікті танысып отырдық, – дейді «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева.

Н.ҚАЗБЕКОВ.