АҒАЙЫННЫҢ АЛҒЫСЫНА БӨЛЕНДІ
Біреуге көмек көрсету, қайырымдылық жасау – адам жанының ізгілігінен, рухани дүниесінің байлығынан, ішкі әлемінің жарықтығынан шығатын игі іс. Еңбек ауылының тұрғыны, «Еңбек-Жер» ЖШС-ның директоры Шакизатхан Искаков та ауыл көлемінде демеушілік жасап, елдің алғысын алып жүрген үлкен жүректі азаматтардың бірі.
Ол оқу жылының басында «Мектепке жол» акциясы аясында өз қаржысына аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан балаларға 589 мың теңге көлемінде киім-кешек, аяқ киім, оқу құралдарын тапсырып, жаңа оқу жылында бала жүрегіне қуаныш пен шаттық сыйлады. Сондай-ақ, «Алтын күз» мерекесінде «Еңбек-Жер» ЖШС-нің аянбай еңбек етіп жоғары көрсеткішке жеткен диқаншыларына 4 автокөлік, өзге де сый-сияпат тарту еткен болатын. Жақсылықтың жаршысы бола білген, игі жұмыстарды жасауды мақсат тұтқан ауыл азаматының елге деген қамқорлығы мұнымен шектелмейді, оның ауыл балаларының оқуға деген ынтасын көтеруде біршама жүйелі жұмыстар жасап жүргенін де ерекше атап өтуге болады. Яғни, жуырда ғана өзі білім алған М.Байділдаев атындағы №232 орта мектептің үздік оқушыларына 29 велосипед табыстаса, әлеуметтік жағдайы төмен 5 оқушыға Жаңақорған ауданындағы «Талдысу» сауықтыру лагеріне жолдама беруге атсалысқан. Әрдайым әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қол ұшын беруден жалықпайтын Ш.Искаков игі ісінің жалғасы ретінде ауыл мешітіне бейне камера орнатып берді. Сонымен қатар, ол туған жерінің гүлденіп-көркеюіне бар күшін салып, 300 түп жеміс ағашын отырғызып, оны күтіп-баптауға толыққанды жағдай жасады.
Мұқтажға көмектесіп, игі шараларға демеушілік жасаумен қатар, қоғамдық, қайырымдылық жұмыстарға да белсене араласатын «Еңбек-Жер» ЖШС-нің директоры Ш.Искаковтың жасап жүрген жұмыстары көпке үлгі. Елдің ризашылығына бөленіп, алғыс арқалаған абзал жанның игі істеріне біз де таңырқадық, сүйсіндік.
Н.АЛМАС.