» » Партия қатары жаңа мүшелермен толықты

Партия қатары жаңа мүшелермен толықты

«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Нұр Отан» партиясының құрылған күні және Алғыс айту мерекесі қарсаңында партия қатарына жаңа мүшелерді салтанатты түрде қабылдап, бірқатар партия белсенділерін алғыс хаттармен марапаттады.

Партия қатарын кәсіпкерлер, спортшылар, журналистер, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, студенттер толықтырды.
Партияның облыстық филиалында өткен салтанатты шарада Қырымбек Көшербаев партия қатарына жаңадан қабылданған азаматтарды «Партия күнімен» және «Алғыс айту» мерекесімен құттықтап, Мемлекет басшысы, партия Төрағасының стратегиялық жоспарын жүзеге асыру жолында белсенді жұмыс жасауға шақырды.
«Сіздер партия мүшесі ретінде, экономикалық дамудың жоғары қарқынын және барлық азаматтардың әл ауқатын бұдан әрі қамтамасыз етуді өздеріңе ел алдындағы міндет деп түсінулеріңіз қажет. Сыр өңірі талай сындарлы сәтте сыр бермей, алдарындағы міндеттерді табысты жүзеге асырып, жерді ғана емес, ғарышты да игеруге жол салған киелі мекен. Ең бастысы, Елбасы «Алаштың анасына» балаған, қазақылықтың қайнар мекені. Осындай айтулы аймақтың өсіп-өркендеуіне партия мүшесі ретінде Сіздердің де лайықты үлестеріңіз болатынына сенемін»,- деді партиялық билеттерді табыстаған облыстық партия филиалының төрағасы, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Жаңадан партия қатарына қосылған азаматтар атынан сөз алған «Жалағаш жаршысы» аудандық газетінің бас редакторы Нағымжан Сауяев, “Нұр Отан” – Елбасының, елдің партиясы, халықтың қамқоршысы екенін атап өтіп, оған мүше болып, ел ағасының қолынан партиялық билет алу зор мәртебе екенін айтты.
– Дәл бүгін көктемнің алғашқы күні «Нұр Отан» партиясының ерекше мәні бар маңызды күнінде партия қатарына қабылданғаным үшін шексіз ризамын. Бүгінде «Нұр Отан» партиясының еліміздің ең басты саяси күшіне айналған партия екені сөзсіз. Партия Елбасының басшылығымен Қазақстанымыз сенімді түрде алға жылжуы үшін, Тәуелсіздігіміз нығая түсуі үшін халықпен бірге қажымай-талмай жұмыс жасауда. Кәсіпкерлікті қолдау жұмысы да жүргізіліп жатыр. Жыл сайын халықтың кәсіпкерлікке деген құлшынысы артуда. Партия мүшесі ретінде Елбасының сарабдал саясатын қолдай отырып, кәсіпкерлікті дамыту саласында бар күш-жігерімді салып жұмыс жасайтыныма сенім білдіремін, – деді партия қатарына өткен облыстық кәсіпкерлер палатасы Байқоңыр филиалының консультанты Асылхан Жолшаев.
Салтанатты шара соңында жиылған жұртшылық партия әнұранын шырқап, естелік суретке түсті.

«ЖЖ» ақпарат.

03 наурыз 2018 ж. 1 095 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930