Мың алғыс Сізге, майдангер.

Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаев «Біз әрқашан Жеңіс күнін аға буынның Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің, жастарды ерлік пен патриотизм рухында тәрбиелейтін өлшеусіз өнегесі деп білеміз» - деп атап көрсеткен болатын.Осыған байланысты, «NurOtan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында және партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында облыс көлемінде «Мың алғыс Сізге, майдангер» атты арнайы хэштегпен ақпараттандырылатын шаралар шеруі бастау алды. Мақсаты -мемлекетіміздің барлық тарихы жастарды Отансүйгіштікке тәрбиелеу мен Отан қорғаушылардың жоғары рухын, батылдығын, ерлігін дәріптеу.
«Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» дей келе, Ұлы Отан соғысының 76 жылдығына орай, ата-бабаларымыздың рухани тағзым ретінде, олардың ерен ерліктерін, жер, Отан, біздердің жарқын болашағымыз үшін жасаған ерліктерін мәңгілікке есте сақтап, жадымызда ұстаймыз. Қанша жылдар өтсе де, бұл соғыста ерлікпен қаза тапқан әрбір батырларымыз тарих төрінен орын алады және біз, ұрпақтары мәңгі жеңіс алауын сөндірмей, Отан үшін от кешкендерді әрдайым жүрек түкпірінде сақтаймыз.
ГҮЛЖАЙНА АЙТЖАНҚЫЗЫ,
Жалағаш аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі