» » Ардагерге құрмет көрсетті

Ардагерге құрмет көрсетті

1941-1945 жылдардағы алапат соғыс төрт жылға созылды. Майдан даласында қаншама қазақстандық кеудесін оққа тосты, Отан үшін аянбай күресті. Сұрапыл соғыс ананы баласынан, талай жанды бауырынан айырып, балаларды әкесіз қалдырды. Отан үшін жан беріп, жан алысқан сол кезең адамзат санасынан ешқашан ұмытылмақ емес.
Жеңіс күні қарсаңында Жалағаш аудандық сотының төрағасы мен кеңсе мең­герушісі еңбек және тыл ар­дагері Тасқара Байниязовты мерекемен құттықтады. Кездесу барысында сот төрағасы ардагерге жеңісті жақындатқаны үшін, ел басына күн туған қиын-қыстау кезеңде ерлік көрсеткені үшін шексіз алғысын білдіріп, ақ тілегін жеткізді, сый-сияпатын табыстады. Ал ардагер Тасқара Байниязов сот ұжымына мерекелік көңіл-күй сыйлап, құрмет көрсеткеніне ризашылығын білдіріп, тәуелсіз елдің тұғыры биік болуын тілеп, ақ батасын берді.

«ЖЖ» ақпарат.
11 мамыр 2018 ж. 1 390 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 187

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031