» » Тұлпар мініп ту алған...

Тұлпар мініп ту алған...

Қазақ халқының дәуірлеу тарихында қаншама тұлғалар өтті. Сол тұлғалардың асқақ арманы мен мақсат-мұраты ел-халықтың жақсы өмір сүруі, тыныштығы, бай болуы, бар болуы, іргелі болуы десек, сол дәрежеге жетудегі өмірлік қағидасы да үлкен және ауқымды болары анық. 
Сонау түркі жазбаларынан жалғасын тауып келе жатқан батырлық жырлардың тізбегін сүзіп шығар болсаңыз идеясы мен мақсұты сарындас келеді. Жау жағадан, бөрі етектен алған алмағайып заманда елге керегі батырлар мен сол батырларға рух берер жыраулар болды. 
Демек эпостық жырларда "еңкеу-еңкеу жер шалып""егеулі найза қолға алған",  елін жаудан қорғаған батырлардың тұлғасы сомдалып, оған көркіне ақылы сай жар мен тұрпаты бөлек  тұлпары қосылып батыр бейнесін биіктетеді. 
Сондай жырдың бірі — "Ер Едіге". 
...Соңғы уақыттарда қазақ руханиятының жанашырларының ұйымдастыруымен оқушылар арасында өтіп жүрген "Ер Едіге" дастанын жатқа айту сайысы елдің еңсесін көтеруге бағытталып жасалған істің ең үлкені десек артық айтқандық емес. Мәселе сайыстың жүлдеқорында емес, сол жырды жаттаған баланың санасы сілкініп, ата-бабасының кім болғанын, не істегенін түйсініп, кеудесінде солардай болсам, солардай елге қызмет қылсам деген ниет пайда болады.
Бұл дегеніңіз рухы биік, кеудесі өр елдің болашағын тәрбиелеуге деген ең оңды қадам деп білемін. 
Ендеше қадам сәтті болғай!


Жасұлан Кенжебекұлы 
Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінің мұғалімі,
педагогика ғылымдарының магистрі.
05 қазан 2021 ж. 871 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 692

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031