Түркі әлемінің руханиятын паш еткен шара
Республикалық «Тұлпар мініп ту алған» байқауының ұйымдастырылуы өте құптарлық шара. Бұл – қазақ халқының ұлттық құндылығымен қатар фольклор, ауыз әдебиетінің рухани жақұт дүниелерін қайта жаңғырту болып табылады. Соның ішінде елдің рухын асқақтатар батырлар жырының орны өзгеше. Кейінгі ұрпақтар даңқты бабалардың өшпес ерлігі мен қайсарлығын өздерінің бойына сіңіріп, одан үлгі-өнеге алып, ұлттық намысты ту етіп, отаншылдықтың мазмұнын ұғады. Ал ерекше көркемдікпен жазылған «Едіге батыр» жырының елдік, батырлық дәстүрді, отаншылдық қасиетті оятуға ықпалы зор. Бесік жыры мен батырлар жырын, ертегіні тыңдамаған бала қасиет пен құдіреттің құнын білмейді. Осы шараның басы-қасында болған «Nur Otan» партиясының, ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Қазақ эпос» қорының бастамашыл дүниесі тек оқушыларға ғана емес, үлкен-кішіге, жалпы руханият әлеміне ортақ шара іспетті.
«Едіге батыр» – қазақтың ғана емес, түркітілдес халықтардың татулығы мен ынтымағына түрткі болады. Ендеше ұйымдастырылып отырған байқау түркі әлеміне ортақ мұраны насихаттауға мұрындық болады деген сөз. Ендеше мазмұны ерек, өзі ұрпаққа керек ерекше жарыстың сәтті өтуіне, жырға деген ықыластың артуына тілектеспін.
#NurOtanQazaqEpos
Қаншагүл Мұстафаева,
Жалағаш аудандық маслихаттағы "Nur Otan" партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі