» » Жолдау жауапкершілік жүктейді

Жолдау жауапкершілік жүктейді

Тәуелсіздіктің ордалы отыз жылдығын толағай табыстармен, жаңашыл да жарқын жобалармен қарсы алғалы отырған еліміз даму мен өркендеудің өрелі жолын таңдап отыр. Тура жолға бастап, елдегі саяси, мәдени, рухани, әлеуметтік, білім мен ғылым саласының заманауи бетбұрыспен қарыштап дамып, жаңа бағдарға түсуіне ықпал еткен маңызды құжат Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы болды.

Тұтас елдің тұғырын биіктеткен Жолдаудың да басты мазмұны – елдің ішіндегі тұтастық пен ауыз­бірлікті сақтай отырып, азаттықты олжалаған егемен елдің қуатын арттырып, экономикалық жағ­­дайын жақ­сарту, көшбасшы мемлекеттердің қатарына қосу.

Иә, азаттықты алып, өз алдына дербес мемлекет болғанына небары үш онжылдық өтсе де Тәңірге тәу­­­бе дейтіндей дәрежеге жетіп, ата-бабамыздың ға­­­сырлар бойы аңсап, аманаттаған азаттығын ал­ған Қазақ елінің бүгінгі шыққан биігі үлгі тұтарлық дәрежеде.

Сол игіліктің бәрі Тұңғыш Президенттің көреген саясаткер, кемел көшбасшы болып, ел тізгінін ұстап, жасампаз да жарқын жолға халықты ауызбіршілікпен бағыттап, кемеңгерлік үлгісін көрсетуінің нәтижесі.

Сарабдал саясаткер, Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сол Елбасы көрсеткен ұлы көшпен Қа­зақ деген қасиетті елдің көк туын желбіретіп, бір­лігін бағалап, тұтастығын тұғырлап, елдігін ерлікпен бе­кітіп болашаққа баянды, бейбіт өмірмен бастап келеді. Тек алтындай берекемізді бағалай білсек, жеткен жетістігімізді баянды етсек, әлеуметтің әлеуе­тін арттырсақ, өмірдің алтын қазығы білім мен ғы­лым­ның көкжиегін кемелдендірсек, егемен еліміз шық­пайтын шың, алмайтын қамал болмайды.

Сан ғасыр зобалаң мен тақсіретті бастан кешірген еліміз болашақты бағдарлаған берік байламға құ­рыл­ған, жан-жақты талданған Жолдаудан туын­даған тапсырмаларды негізге алып, бағдаршам ет­се, жұлдызымыз жарқырап, қуатты елге айна­ла­ты­­нымызға сенім зор. Елді қанаттандырып, серпіл­тіп, сананы оятқан, жаңа бағытқа пайымдалған тап­сырмалар көптің көңіліндегі күдік пен күмәнді сейіл­тіп, үкілі үміттің шырағын жақты.

Кешегі елді есеңгіреткен пандемиядан кейін ха­лықтың рухын оятып, қуаттандыратын елдің Көш­­басшысының осындай жалынды сөздері мен өмір­шең бағдары ауадай қажет болды. Еліміздің өміршең, ел дамуының бағдарлы құжаты жарыққа шыққан соң көңілі күпті елдің еңсесі тіктелді. Өмір шырағын жандырған құжат өмірге келді.

«Халық – Алланың бір аты» деп бекер айтыл­маған. Халық қолдауына ие болған Жолдауда «Жал­пы, ауыл шаруашылығы саласының басты мін­деті – елімізді негізгі азық-түлік өнімімен толық қамтамасыз ету. Мен биыл ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және олардың қатысы бар компанияларға сатуға және жалға беруге біржола тыйым салған заңға қол қойдым. Жер кодексіне қазақстандық инвесторларды ауыл-аймақтарды да­мыту үшін қаржы салуға ынталандыратын түзетулер енгі­зілді. Бұл өзгерістер ауыл шаруашылығы жер­ле­рін толық экономикалық айналымға түсіруге мүм­кіндік береді. Шын мәнінде, осы шешімдердің бар­лығы агроөнеркәсіп секторына оң ықпал етеді. Соның арқасында ауыл шаруашылығы ұлттық эко­номиканың негізгі қозғаушы күшіне айналады деп сенемін» деп Президент өз ойын бүкпесіз жеткізді.

Иә, бұл – шынында әсіресе аграрлық аймақ үшін осындай сындарлы сәтте өте орынды қабылданған шешім. Ауыл шаруашылығы экономиканың қозғау­шы күшіне айналса, елдегі ағайындардың да бере­келі жер-анадан алатын өнімі мол болмақ. Ауыл-аймақтарды дамытса, оған қалталы инвесторлар тартса, ауылдағы жұмыссыз жүргендерге екі қолға бір күрек табыла кетіп, шаруасы түзеледі. Ауылдың әлеуеті артса, қалалықтардың да қазаны қайнайды. «Ауыл – алтын бесік» деген ұғымның құны артады.

Президенттің Жолдауда берген тапсыр­мала­ры­ның бірі және бірегейі білім мен ғылымға қатысты болды. Биыл бірнеше оқушы халықаралық пән олим­пиадаларының жеңімпазы мен жүлде­гер­і атанғанын жақсы білеміз. Енді ондай дарынды бала­ларға жан-жақты қолдау көрсетіліп, жоғары оқу орнына түсу үшін конкурстан тыс гранттар бе­ріліп, бір реттік ақшалай сыйақы да төленеді. Бұл – өте құптарлық қолдау. Ал олардың ұстаздары да елен­бей қалмайды. Оларды енді моральдық және ма­те­риалдық тұрғыдан ынталандыру шарасы қолға алынады.

Сонымен қатар тұрмысы төмен отбасында өсіп жатқан балаларға орта білім берудің жалпыға мін­детті стандарты аясында қолдау көрсетіледі. Ма­те­риалдық қолдау көрсету шаралары «Цифрлы ұс­таз» білім беру жобасымен толықтырылады.

Енді ұстаздарға да талап күшейеді. Мұғалімдер енді 5 жылда емес, 3 жылда бір рет қайта даяр­лықтан өткізіледі. Ұстаздардың курстан өтуі үшін өз қалтасынан ақша төлеуіне жол берілмейді.

Ұстаздардың енді болашақта жылдан-жылға мәр­­тебесі артады. Олар өз бейнетінің зейнетін кө­ре­тін болады.

Президентіміз ел қаперге алуға тиіс қатерге де тоқталды. Бұл – тұтас әлем үшін мәселеге айналып отырған су тапшылығы. Ол өз сөзінде «2030 жылға қарай су тапшылығының көлемі 40 пайызға жетуі мүмкін. Сондықтан, біз жаңа технологиялар мен цифрландыру арқылы суды үнемдеуге көшуіміз керек. Су тапшылығын жоюдың басқа жолы жоқ. Бұл – аса маңызды міндет. Үкімет су пайдалануды реттеу және оны үнемдеу технологиясын енгізу жұмысын ынталандыру үшін нақты шешімдер әзір­леуге тиіс. Су нысандарының экожүйесін сақ­тап, оны үнемді пайдалану үшін аса маңызды 120 каналды қайта жаңғыртуға кірісеміз. Ақмола, Алматы, Ба­тыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан об­лыстарында жаңадан 9 су қоймасы салынады» деді.

Халықты әлеуметтік жағынан қолдауға да Ел Президенті назар аударды. Соңғы жылдары табан ет, маңдай термен келетін халықтың еңбекақысы өте мардымсыз екені рас. Халық тұтынатын негізгі тауарлардың құны өскенмен жалақысы сол қалыпта еді. Осыны зерделеген Президент 2022 жылы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны қазіргі 42,5 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдады.

Бұл шара бір миллионнан астам адамға тікелей, ал бүкіл еңбеккерлерге жанама әсер ететінін ескерсек, қолдауға зәру азаматтардың шаруасы жөнделеді.

Ел Президенті – біреу, халық соған тіреу болса, болашақта Мәңгілік Елдің шамшырағы жанатын болады.

Гауһар ҚОЖАХМЕТОВА


12 қазан 2021 ж. 372 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930