» » БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫ - ХАЛЫҚПЕН АРАДАҒЫ АЛТЫН КӨПІР

БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫ - ХАЛЫҚПЕН АРАДАҒЫ АЛТЫН КӨПІР

Бүгін Жалағаш аудандық партия филиалының мәжіліс залында партиялық бақылау комиссиясы және сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Аталмыш отырысқа Жалағаш аудандық маслихат депутаты, сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы А.Кенжебаев төрағалық жасады. Аталмыш отырыстың күн тәртібіне Жалағаш ауданы бойынша білім беру ұйымдарының жылу маусымына арналған жұмыстары және Таң, Еңбек, Мақпалкөл ауылдық округтері БПҰ 2021 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары тыңдалды.

Жалағаш ауданының әкімі Асылбек Шаменов Өмірбекұлының 2021 жылғы 8 қазандағы №271 өкіміне сәйкес барлық білім беру ұйымдарында от жағу маусымы басталды. Аудан бойынша 20 мектептің II жартыжылдыққа арналған сұйық және қатты отын қоры жеткілікті. Тиісті отындарды жеткізуші жеке кәсіпкерлермен келісім шарттар жасалған. Аудан бойынша 3 мектептің бу қазандықтарын жаңартуға қаржы берілді. З.Жарқынбаев атындағы №202 орта мектеп табиғи газға қосылған – деп Жалағаш ауданы білім бөлімінің басшысы Талғат Садықов өз баяндамасында айтып өтті. Отырысқа қатысушылар тарапынан ауданымыздың білім саласындағы бу қазандықтарының техникалық қауіпсіздігін баса назарды ұстауды және жылу жұмысына жауапты қызметкерлерге техникалық қауіпсіздік ережесін жіті қадағалау ұсыныстарын жеткізді.

Таң, Еңбек, Мақпалкөл ауылдық округтері БПҰ төрағалары есептік кезеңдегі атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы айтып өтті. Биылғы жылы барлық БПҰ «Ашық есік» күні, «Ардагерлерді ардақтайық» онлайн акциясы, Жалағаш аудандық филиалының кезекті XXVII есеп-беру сайлау конференциясына байланысты барлық бастауыш партия ұйымдары 2019-2020жылы атқарған жұмыстары туралы есептерін берді. Партиялық жобалар аясында біршама тындырымды жұмыстар атқарылды.

Бірлескен кеңес отырысында тиісті ұсыныстар ескеріліп, қаулылар қабылданды.
13 қазан 2021 ж. 377 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 720

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031